
16 наурызда сағат 13:10-да университеттің негізгі корпусында «Ұлттық дәстүрлер фестивалі «Nauryz: Inspired by Traditions»» өтеді.
Фестивальдің мақсаты – мәдени мұраны сақтау және насихаттау, жастарды қазақ халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен таныстыру.
Фестиваль аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:
- ұлттық әндер, билер және музыкалық номерлер орындауымен концерттік бағдарлама;
- Наурыз тарихы мен дәстүрлеріне арналған интерактивті ойындар мен викториналар;
- көркем сахналық қойылымдар мен театралдандырылған сценкалар.