
Петропавл қаласындағы «Надежда» үйінде, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын өкілдерін қолдау мен құрмет көрсетуге арналған «Қарттар – асыл қазынам» атты қайырымдылық концерттері өтеді.
Іс-шара қарт адамдарға құрмет пен алғыс білдіруге, жылы әрі мерекелік атмосфера қалыптастыруға, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған. Концерттік бағдарламаға шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар қатысып, көрермендерге музыкалық және көркемдік нөмірлер ұсынады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын осы игі шараға қатысып, қайырымдылық бастаманы қолдауға және аға буын өкілдеріне ерекше көңіл мен қамқорлық көрсетуге шақырады.