
16 наурыз күні Qyzyljar Creative Center-де «Ұлттық мұра: тірі театр және жасанды интеллект» атты анимациялық іс-шара өтеді.
Іс-шара ұлттық мәдени мұраны заманауи шығармашылық форматтар арқылы насихаттауға бағытталған. Бағдарламада тірі театр элементтері мен жасанды интеллекттің инновациялық технологиялары үйлестіріліп, көрермендерге дәстүрлер мен мәдени құндылықтарға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Бұл шара шығармашылық орта өкілдерін, мәдениет пен өнер қайраткерлерін, сондай-ақ заманауи мәдени жобалар мен креативті индустриялардың дамуына қызығушылық танытатын барша қауымды біріктіреді.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға қатысып, дәстүрлі өнер мен заманауи технологиялардың ерекше үйлесімін тамашалауға шақырады.