
Көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және береке мен бірлікті білдіретін бұл мереке Смирново ауылының орталық саябағында кең көлемде тойланбақ. Қонақтарды ұлттық дәстүр мен мерекелік көңіл-күйге толы қызықты бағдарлама күтеді.
Мерекелік бағдарламада:
● әсерлі театрландырылған қойылым;
● аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ауылдық округтердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама;
● ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер көрсетілімі және көрмелер;
● мерекелік сауда ұйымдастырылады.
Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесін бірге қарсы алып, жақсы көңіл-күй мен ерекше әсер алуға шақырамыз.
19 наурыз күні сағат 10:00-де Смирново ауылының орталық саябағында күтеміз! 🌿