
22 наурыз күні Шымкент қаласында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Күндізгі бағдарлама аясында «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші мен Саз колледжі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Бұл шара ұлттық музыкалық мәдениетті дәріптеуге, жас өнерпаздардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар сағат кешкі 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Гала-концерт бағдарламасында жергілікті және елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді