
Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ж. Жайназаров 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен құқықтық оқыту жоспарына сәйкес департамент ұжымына құқықтық оқыту өткізді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және әдеп кодексі нормалары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2026 жылғы 3 ақпандағы №74 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қызметкерлерге таныстырылды.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет тарапынан көрсетілген жоғары сенім екені ұжымға тағы бір мәрте ескертілді.