
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Наурыз – Жаңару» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – орталық қызмет алушыларын халқымыздың салт-дәстүрлерімен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бірлік пен ынтымақты нығайту.
Мерекелік бағдарламада Орталықтың Медеу және Бостандық аудандық бөлімшелерінің хор және би ұжымдарының бірлескен өнер көрсетуі, зейнеткерлердің театрландырылған қойылымдары, сондай-ақ егде жастағы модельдердің сән көрсетілімі бар.
Сонымен қатар, іс-шара аясында Орталық қызмет алушыларының «Қазақтың қолөнері» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді. Қонақтарға Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылады.
Мерекелік іс-шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, Белсенді ұзақ өмір орталықтарының басшылары және Ардагерлер кеңестерінің өкілдері қатысады.
Бұған қоса, ай бойы Орталықта және оның бөлімшелерінде тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан турнирлер мен жарыстар ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Алматы қаласы Орталық мәдениет және демалыс саябағы (Горький көшесі, 1)
Күні мен уақыты: 2026 жылы 19 наурыз, сағат 11:00
Қосымша ақпарат: +7 701 712 90 80