
Биыл Наурыз мерекесі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект әлеуетіне баса назар аудара отырып, 2024 жылдан бері қалыптасқан Наурызнама онкүндігі форматында аталып өтеді.
«Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде барлық өңірлерде 23 наурыз – «Тазару күніне» орай «Тазалық эстафетасы», «TazaLIKE» экофестивалі сияқты іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша 2026 жылғы 21 наурызда сағат 08:00-де сенбілік ұйымдастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 21 наурызда сағат 08:00-де облыс әкімінің қатысуымен Қонаев қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойында жалпы саны 100 түп ағаш отырғызылады.