
Алматы облысы Іле ауданының Дін істері жөніндегі басқармасының теологы Тимур Улугбекұлы Курбасов Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Профилактикалық іс-шара мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуының алдын алуға бағытталған. Әңгімелесу барысында радикалды идеологиялардың ықпал ету тәуекелдері және мемлекеттік қызметтегі зайырлылық принциптерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.