📢 Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыстары мәслихатта тыңдалды
24 қыркүйек күні басқарманың 2025 жылғы жұмыстары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қаралды.
Басқарма басшысының м.а. Н.Т. Оқас «Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар – тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында баяндама жасады.
✨ Жыл ішінде атқарылған жұмыстар: ✅ «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өтті; ✅ Қонаев қаласында және барлық аудандарда «Қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды; ✅ «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде өткізіліп, жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.
📝 Жарнаманы көпшілікті тәрбиелейтін құрал деп қарағанда ғана тілдің мәртебесін көтере аламыз.
2026 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы әрі жауапты тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тіл саласының мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдері, зиялы қауым, жастар және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Іс-шара Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мәдениет үйі алаңында «Саз Нұрғиса» жас домбырашылар ансамблі композитордың «Әлқиса» күйін орындады. Сонымен қатар қонақтар фойеде ұйымдастырылған тіл, мәдениет және білім салаларында цифрлық технологияларды қолдану бағытындағы көрмені тамашалады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы тіл мәдениетіне жаңа талаптар қойып отырғанын атап өтіп, сөз құндылығын сақтау – бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді. Шара барысында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан азаматтар мен мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік тіл – бизнесте», «Мемлекеттік тіл – мерейім», «Сауатты жарнама – сапалы қызмет», «Жаңа дәуір үні», «Тілдарын», «Тілге қызмет – елге қызмет», «Құжат шебері – тіл зергері», «Тіл тазалығының тірегі» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Аталған жоба аясындағы іс-шаралар облыстың Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Іле аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қорытындыланды. Нәтижесінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі және іс-шараны сапалы өткізгені үшін әр ауданға қаржылай сертификаттар табысталды. Шара барысында «Шин-Лайн» компаниялар тобының вице-президенті Дамир Дигай құттықтау сөз сөйлеп, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос арнайы жобаны таныстырды. Сонымен қатар «Таңдау», «Көптілділік – көкжиек» тақырыптарында сахналық көріністер қойылып, оқушылар бірнеше шет тілінде өлең оқыды. Шетелде тәжірибе жинақтаған маман өз тәжірибесімен бөлісті.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 30 сәуірде Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында облыстық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Шараға Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева, аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы Туматаев, депутаттар, тіл мамандары, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева құттықтау сөзінде: «Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Осындай уақытта сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Өйткені сөз – тек ақпарат жеткізудің құралы емес, сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы», – деп атап өтті. Шара барысында қонақтар мен қатысушылар Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған тіл, мәдениет және білім салаларында цифрлық кеңістікті тиімді пайдалану бағытындағы көрмемен танысты. Шара соңында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан азаматтар мен мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Шараға облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Абылайұлы Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабекұлы Сарабеков, депутаттар, тіл мамандары, ауданның тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Салтанат Дауыспекқызы өзінің құттықтау сөзінде: «Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Осындай уақытта сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Өйткені сөз – тек ақпарат жеткізудің құралы емес. Сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы - деп атап өтті. Шара қонақтары мен қатысушылар аудандық мәдениет үйінің жанында орналасқан Тұманбай Молдағалиевтің ескерткішіне гүл қойып, Мәдениет үйінің фоесінде ұйымдастырылған тіл, мәдениет, білім саласына цифрлық кеңістікті пайдалану бағытындағы көрмемен және аудандағы тіл саласына атқарылып жатқан жұмыстарымен қысқаша көрсетілген бейнеролик арқылы танысты. Шара соңында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айырықша үлес қосқан азаматтар және мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде бірнеше тілді меңгеру – тек артықшылық қана емес, заман талабы. Осы орайда Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті. Жиынға облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов, аудан, қала әкімдіктері, білім саласының өкілдері, жастар орталығының жетекшілері және облыста көп тіл меңгерген азаматтар қатысты. Іс-шара өңірдегі тіл саясатын қолдауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, жастардың тілдік әлеуетін арттыруға, облыс бойынша бірнеше тілді меңгерген азаматтарды ынталандыруға бағытталды. Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев өзінің құттықтау сөзінде көптілділіктің бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталып, өңір жастарының білімге және заманауи дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысын қолдайтынын атап өтті. Ол: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жастар бірнеше тілді меңгеруі қажет» деген пікірі - еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық тапсырма. Осы орайда, бүгін ұйымдастырылып отырған шара қоғамдағы рухани келісімді нығайтып қана қоймай, елді дамытатын кадрлық әлеуетті қалыптастыруға зор үлес қосады» - деді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов мемлекеттік тілді дамыту мен құрметтеуді басты орынға қоя отырып, ағылшын және басқа да халықаралық тілдерді меңгеру арқылы жастардың бәсекеге қабылетті дамыған мемлекет құруға қосар үлесіне тоқталды. Сомен қатар бірнеше тілді меңгерген облыстың полиглот жастары А.Т. Теменов, Д.Д. Кузиев, Р.Қ. Алпаров, С.А. Құдайбергенов, К.Миятбек өздерінің тіл үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті. Жиын барысында облыс әкімі бірнеше тілді меңгерген облыс жастарын «Полиглот -2025» номинациясымен марапаттады. Көп тіл білу – көп мүмкіндіктің кілті. Бірлік пен түсіністікке бастар жол да дәл осы тілдер арқылы қалыптасатыны анық. Сондықтан «Көп тіл – бір әлем» идеясы қоғамды біріктіретін маңызды құндылық ретінде өз маңызын арттыра бермек.
Алматы облысында ономастика саласына арналған облыстық семинар өтті 2025 жылғы 19 қыркүйекте, Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша «Ономастика саласы бойынша ізденіс пен тәжірибе» атты семинар ұйымдастырылды. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті ономастикалық жұмыс басқармасының басшысы Төрехан Елерке Әдепханқызы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының м.а. Оқас Нұрмаман Төкенұлы, Ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Семинар барысында ономастикалық жұмыстарды жүйелеу, көше атауларын тарихи жер-су мен дәстүрлі атауларға алмастыру мәселелері қарастырылды, сала мамандары тарапынан қойылған маңызды сұрақтар шешімін тапты. Қазір атау беруде кісі есімдеріне шектеу қойылғандықтан, жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу керектігі айтылды. 🔹 Биылғы жылы Алматы облысында Жол картасына сәйкес 678 көше атауы кезең-кезеңімен өзгертілді. 🔹 Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында Алматы облысы бойынша 73 ардагердің есімі көшелерге берілді. ✨ Ономастика мәселесі – ұлттық намыс қана емес, ұлттық саясат, оған терең мән беріп, жан-жақты қарау қажет. Сондықтан сала мамандары жүйелі түрде жұмысты жалғастыра бермек.