
Алматы облысында ономастика саласына арналған облыстық семинар өтті
2025 жылғы 19 қыркүйекте, Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша «Ономастика саласы бойынша ізденіс пен тәжірибе» атты семинар ұйымдастырылды.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті ономастикалық жұмыс басқармасының басшысы Төрехан Елерке Әдепханқызы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының м.а. Оқас Нұрмаман Төкенұлы, Ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Семинар барысында ономастикалық жұмыстарды жүйелеу, көше атауларын тарихи жер-су мен дәстүрлі атауларға алмастыру мәселелері қарастырылды, сала мамандары тарапынан қойылған маңызды сұрақтар шешімін тапты.
Қазір атау беруде кісі есімдеріне шектеу қойылғандықтан, жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу керектігі айтылды.
🔹 Биылғы жылы Алматы облысында Жол картасына сәйкес 678 көше атауы кезең-кезеңімен өзгертілді.
🔹 Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында Алматы облысы бойынша 73 ардагердің есімі көшелерге берілді.
✨ Ономастика мәселесі – ұлттық намыс қана емес, ұлттық саясат, оған терең мән беріп, жан-жақты қарау қажет. Сондықтан сала мамандары жүйелі түрде жұмысты жалғастыра бермек.