
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізудің жоспарланған мерзімі: ағымдағы жылдың сәуір-маусым аралығында.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: [email protected], құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.