
2026 жылғы 14 наурызда Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында «Ordagen Kids» жеке балабақшасының директоры Сұлтанбекова М.Б. санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін сыйымдылығы үш топқа дейінгі, үй-жайларының ең төменгі жиынтығы бар мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптар бойынша сұрақпен жүгінді
Аталған мәселелер бойынша түсіндіруді Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы берді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 «Мектепке дейінгі ұйымдар мен сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес талаптарды сақтау қажет екені түсіндірілді.
Ашық есік күні аясында қатысушыларға мемлекеттік қызметті алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі және қолданыстағы санитариялық заңнама талаптары бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.