
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ( бұдан әрі - Департамент) Департаменттің Талас және Сарысу аудандық басқармаларының қызметінде 2025 жылдың және 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау басталғанын хабарлайды.
Департамент 2026 жылдың мамыр айының 14 күні сағат 15:30-дан 16:30-ға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелерін жария талқылауға қатысу мақсатында, барлық мүдделі тұлғаларды Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13 үй, кіші мәжіліс залы мекен-жайына шақырады.