Алматы облыстық мәслихатының кезекті
XLIXсессия отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
1. Жергілікті атқарушы органның орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөнiндегi есепті қарау туралы.
2. Алматы облысы Қонаев қаласының Бас жоспарына (негізгі ережелерді қоса алғанда) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдау туралы.
3. Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі «Алматы облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» №20-95 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.
4. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыруға арналған өңірлік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
5. Алматы облысындағы тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы туралы.
6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
7. Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы №46-262 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс еңгізу туралы.
8. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №6-38 «Алматы облысында әлеуметтік манызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімнің күшін жою туралы.
9. Алматы облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.