Алматы облыстық мәслихатының кезекті
Lсессия отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
1. Алматы облысының 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы.
2. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының
2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
3. Құрылыс басқармасының Алматы облысының даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есебі.
4. Денсаулық сақтау басқармасының Алматы облысының даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есебі.
5. Жер қатынастары басқармасының бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, Алматы облысының жер ресурстарын пайдалану және қорғау жай-күйі (оның ішінде пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою, жер учаскелерін беру мен олардың нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығы) туралы есебі.
6. Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 44-247 «Алматы облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. «Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 44-248 «Алматы облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
8. Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 қарашадағы
№ 36-192 «Алматы облысының Талдықорған қаласы, Текелі қаласы, Қапшағай қаласы және Іле, Ескелді аудандарының көше жарықтандыру желілерін жетілдіру және сыртты жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестік 5 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
9. «Алматы облысындағы «Шелек» индустриялық аймағын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
10. Алматы облысының өңірлік нышанын бекіту туралы
11. Алматы облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
12. Алматы облыстық мәслихатының экономика бюджет құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының есебі.