Алматы облыстық мәслихатының кезекті
LIсессия отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
1. Жергiлікті атқарушы органның Алматы облысында ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегi есебін тыңдау туралы.
2. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автокөлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау қағидаларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда сақтау тәртібін бекіту туралы.
3. «Алматы облысының «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 35-187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыруға арналған өңірлік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
5. Алматы облысы әкімдігі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы.
6. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №13-70 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы.
8. Алматы облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы.