
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді осы көктемнің ерекше әрі әсерлі іс-шараларының бірін ақпараттық тұрғыда жариялауға шақырамыз. Ертең, 19 мамыр күні ҚБТУ ғимараты алдындағы алаңда Алмалы ауданының 90 жылдығына және оқу жылының аяқталуына орай би флешмобы өтеді.
Іс-шара барысында 180 оқушы — нақ 90 жұп дәстүрлі мектеп вальсін билейды. Би композициясының шарықтау сәтінде қатысушылар бір мезетте «90» санын бейнелеп, ерекше символикалық көрініс ұсынады.
Бұл жоба қос мағынаны қамтиды. Бір жағынан, бұл ауданның мерейтойына арналған шығармашылық тарту болса, екіншіден мектеп бітіруші түлектерге арналған әсерлі қоштасу вальсі.
Жобаның авторы әрі қоюшы-хореографы — №62 гимназия жанындағы «Наргиз» хореографиялық ансамблінің көпжылдық жетекшісі Ибрагимова Михриниса Айдынқызы. Ол ұзақ жыл бойы балалармен жұмыс істеп келеді. Аталған вальс түлектер мен аудан тұрғындарына арналған ерекше сый.
Түсірілім топтарын, фотографтар мен журналистерді шараға қатысуға шақырамыз. Бұл әсерлі кадрлар түсіріп (соның ішінде дрон көмегімен), мектеп оқушыларының шынайы эмоциясын жеткізіп, қызықты сұхбаттар жазуға тамаша мүмкіндік.
Өтетін күні мен уақыты: 19 мамыр, басталуы сағат 10:30.
Өтетін орны: ҚБТУ ғимараты алдындағы алаң.
Алмалы ауданы әкімдігі
БАҚ өкілдерін үйлестіру бойынша байланыс:
Лариса — +7 705 460 82 89