
2026 жылы 22 мамырда Алматы қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатта тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «CITI CUP FLYING BALL» Inclusive Sports Festival for Children инклюзивті спорт фестивалі өтеді.
Іс-шараны «Қазақстан пара волейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады. Фестивальдің негізгі мақсаты — бейімделген спортты дамыту, ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу, инклюзивті бастамаларды қолдау және Қазақстанда пара волейбол спортын кеңінен насихаттау.
Фестиваль бағдарламасында:
▪️ пара волейбол бойынша шебердің сабақтары;
▪️ көрсетілім жаттығулары;
▪️ бейімделген спорт түрлерімен таныстыру;
▪️ ойын-сауық бағдарламасы;
▪️ қатысушыларға арналған фуршет қарастырылған.
Іс-шара соңында мектепке пара волейболды дамытуға арналған спорттық жабдықтар табысталып, қатысушыларға спорттық киімдер мен естелік сыйлық беріледі.
Фестивальдің құрметті қонақтары:
▪️ Батыр Қадырбайұлы — Федерацияның бас хатшысы;
▪️ Бауыржан Бақыттыұлы — Федерацияның вице-президенті, Қазақстан Республикасының пара волейбол құрамасының бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы.
📍 Күні: 22 мамыр 2026 жыл
🕚 Уақыты: 11:00-13:00
🏫 Орны: Алматы қаласы, №2 арнайы мектеп-интернат
📞 БАҚ өкілдерін аккредиттеу және қосымша ақпарат:
Марғұлан — +7 775 142 79 91