
2026 жылғы 28 мамырда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ерекше форматтағы CYCLE FEST спорттық-музыкалық фестивалі өтеді. Жоба Қазақстанда алғаш рет сайклингті, жанды музыканы, жарық технологиясын және иммерсивті шоу элементтерін бір алаңда тоғыстырады.
CYCLE FEST көктемнің ең әсерлі қалалық оқиғаларының біріне айналып, жүздеген қатысушы мен көрерменді біріктірмек. Арена төрінде бір уақытта 300 адам сайкл-тренажерларда синхронды түрде өнер көрсетіп, ауқымды перформанстың бір бөлігіне айналады. Неон жарықтары, визуалды инсталляциялар, динамикалық музыка және live-performance көрерменге ерекше атмосфера сыйлайды.
Фестиваль аясында қазақстандық танымал әншілер ZAQ, Bonapart және Abyken Performance Show өнер көрсетеді. Кешті Ілияс Junior Көбжасаров жүргізеді.
CYCLE FEST — спорт, музыка, технология және заманауи урбан мәдениетті тоғыстыратын халықаралық трендтегі жаңа жоба. Фестиваль белсенді өмір салтын насихаттап, Қазақстандағы бұқаралық спорттық іс-шаралардың заманауи форматтарын дамытуға бағытталған.
Күні: 2026 жылы 28 мамыр
Уақыты: 20:00
Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы
БАҚ өкілдерін іс-шараны ақпараттық қолдауға шақырамыз.
Аккредитация және қосымша ақпарат:
+7 777 115 33 55 — Әсел