АНОНС

    Орны
    «AQMOLA DIGITAL», г. Кокшетау, ул. Гагарина, 7
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    АНОНС
    Республиканский форумАяқталды

    2026 жылғы 30 мамыр күні Көкшетау қаласында «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтеді.

    Форумға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады.

    Іс-шара барысында:
    — аумақтарды реновациялау;
    — қалалық ортаны дамыту;
    — құрылыс саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар;
    — энергия тиімділігі мен тұрақты даму мәселелері талқыланады.

    Өтетін орны: «AQMOLA DIGITAL», Көкшетау қаласы
    30 мамыр 2026 жыл
    Басталуы: 09:30

    БАҚ өкілдерін шақырамыз!
    Байланыс үшін: Жанерке Ержанқызы, ҚР ӨҚМ, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті баспасөз хатшысы, +7 707 305 99 74

    Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан

    Ұқсас материалдар

    ВыставкаЖақында

    Халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі

    Сіздерді 2026 жылы 21–22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін Қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме Қазақстанның химия және полимер өнеркәсібі үшін стратегиялық алаң ретінде өзін дәлелдеген. Ол халықаралық және отандық компанияларды біріктіріп, заманауи технологияларды көрсетеді, серіктестік қатынастар мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді және саланы одан әрі дамытуға негіз қалайды. Көрме конференциясы шараның маңызды бөлігі болып табылады және полимерлік және химиялық саладағы өзекті мәселелерге бағытталған. Конференция бағдарламасына мыналар кіреді: • Пластмасса нарығының тенденциялары, импортты алмастыру және мемлекеттік рөл туралы пленарлық сессия • Полимерлік өнеркәсіптің дамуы бойынша болжамдармен форсайт-блок • Негізгі стендтер мен технологияларға VIP-тур • Тематикалық сессиялар: автомобиль және құрылыс саласындағы химия • ESG күні: семинарлар, пластиктердің өмірлік циклін бағалау және қайта өңдеу тәжірибесін бөлісу Көрмеде арнайы бөлімдер ұсынылады: • B2B Zone — іскерлік кездесулер мен серіктестіктер • ECO Zone — қайта өңдеу және тұрақты өндіріс технологиялары • Robo Zone — роботизация және 3D баспа Алтын серіктес – Haitian Стратегиялық серіктес – KPI («Kazakhstan Petrochemical Industries») Іс-шара Қ азақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің , сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Көрмеге кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://plastex.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=PLX2026MPS Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО Күндері: 21-22 қазан 2026 жыл Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    21 қазан 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Алматы, КЦДС «Атакент»Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    ВыставкаЖақында

    Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесі

    Сізді 2026 жылы 2–4 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 18-ші Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме өз беделін коммуникациялық платформа ретінде көрсетті және отандық әрі халықаралық компанияларды біріктіретін Қазақстандағы Жылыту, желдету, ауаны баптау және сумен жабдықтау, сантехника саласы үшін негізгі алаң болып табылады. 2008 жылдан бастап Aquatherm Almaty заманауи технологиялар мен шешімдерді таныстырады, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға ықпал етеді және саланың дамуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрмеге қатысқан: 16 елден 225 компания , оның ішінде Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, БАӘ, Польша, Ресей, Сингапур, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Оңтүстік Корея. 56 отандық және 169 халықаралық компания , оның ішінде Германия мен Түркия ұлттық стендтері, сондай-ақ Қытай мен Өзбекстан ұжымдық экспозициялары ұсынылды. Көрменің іскерлік бағдарламасы мыналарды қамтиды: Сала сарапшылары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін пленарлық отырыс — инженерлік жүйелер нарығының даму үрдістерін талқылау. Қатысушы компаниялардың заманауи шешімдерге, энергия тиімділігіне және инновациялық технологияларға арналған стратегиялық сессиялары мен семинарлары. Инженерлік жүйелер мен энергия тиімді шешімдер бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары және интерактивті сессиялар . «Технарь PRO Kazakhstan» монтажшылар чемпионаты — саладағы үздік мамандарды анықтауға арналған кәсіби шеберлік байқауы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Алдын ала тіркелу арқылы көрмеге кіру тегін: https://aquatherm-almaty.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ATA2026MPS Өтетін орны: Қазақстан, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО Күні: 2–4 қыркүйек 2026 ж. Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Алматы, КЦДС «Атакент»Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    ВыставкаЖақында

    KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

    Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз. Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық материалдарды және саланың үздік тәжірибелерін таныстыру платформасы ретінде қызмет етіп келеді. Ол өнімді ішкі және халықаралық нарықтарға тиімді ілгерілету құралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс кешенін дамытудағы маңызды фактор ретінде өзін дәлелдеді. KazBuild туралы фактілер: 1994 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі құрылыс және интерьер көрмесі Жыл сайын Қазақстанның басты бизнес-қаласы – Алматыда өтеді Көрме бөлімдері: құрылыс материалдары, жабдықтар мен құралдар, керамика және тас, терезе технологиясы, интерьер, әрлеу материалдары Іскерлік бағдарлама аясында 60-тан астам іс-шаралар: семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, B2B және B2G кездесулер, делегаттық бағдарламалар және т. б. KazBuild 2026 Орталық Азиядағы жетекші салалық іс-шара мәртебесін тағы да растап, құрылыс нарығын дамытудың стратегиялық құралы әрі Қазақстанның халықаралық кәсіби қауымдастыққа ықпалдасуының маңызды алаңы болмақ. Іс-шара ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://kazbuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=KBA2026MPS Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО Өтетін күндері: 2–4 қыркүйек 2026 жыл Ұйымдастырушылардың байланыс деректері: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Алматы, КЦДС «Атакент»Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КонгрессАяқталды

    Астанада XVI Халықаралық тау-кен-металлургия AMM 2026 конгресі өтеді

    2026 жылғы 11–12 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елдің индустриялық күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен-металлургия конгресі мен көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі AMM алаңының шикізатты терең өңдеу стратегиясын іске асыруда және өндіруші секторға инновациялық технологияларды енгізуде ерекше рөл атқаратынын атап өтеді. AMM 2026 негізгі бағыттары: Жер қойнауын пайдалану және тау-кен-металлургия кешеніндегі заңнамалық бастамалардың өзекті мәселелерін талқылау. Мамандандырылған көрмеде өндірісті автоматтандыру және цифрландыру бойынша озық шешімдерді таныстыру. Инвестициялық байланыстарды нығайту және Қазақстанның өнеркәсіп секторына әлемдік технологиялық көшбасшыларды тарту. «Алтын Гефест» ұлттық конкурсы аясында саладағы үздік мамандарды дәстүрлі марапаттау. AMM конгресі жыл сайын салалық министрліктердің басшыларын, ірі компаниялардың топ-менеджментін, халықаралық сарапшыларды және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Бұл алаң мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының негізі болып табылатын тау-кен-металлургия кешенінің тұрақты дамуына ықпал етеді. Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://amm.kz/ru/poluchite-bilet-na-vystavku?promo=AMM2026MPS Өтетін орны: Қазақстан, Астана қаласы, Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14 Өтетін күндері: 11–12 маусым 2026 ж. Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 727 258 34 34 (ішкі 305) E-mail: [email protected] Ресми сайт: www.amm.kz . БАҚ өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын және салалық компанияларды ТМК- ның болашағын қалыптастыруға қатысуға шақырамыз.

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Астана, Отель "Hilton Astana" ул. Гейдара Алиева 14Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    ВыставкаАяқталды

    Астанада Қазақстанның автомобиль индустриясын дамытуға арналған халықаралық Automechanika Astana 2026 көрмесі өтеді

    2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохимия саласындағы ең ірі көрме алаңы. Биыл көрме өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде және көрме тарихындағы ең ауқымды іс-шара болмақшы. Мерейтойлық көрмеге Қазақстан, Германия, Франция, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Үндістан, Қытай, Малайзия, Тайланд, Түркия, Ресей Федерациясы және басқа да елдерден автокомпоненттер мен сервистік жабдықтарды өндіруші, жеткізуші және дистрибьюторлерді жинайтын 400-ден астам компания қатысады. Automechanika Astana көрмесі әлемдегі ең ірі көрме компанияларының бірі саналатын, 800 жылдан астам тарихы бар және 50-ден астам елде өкілдігі орналасқан Messe Frankfurt GmbH компаниясына тиесілі жаһандық Automechanika көрме бренді аясында өткізіледі. Automechanika халықаралық желісі бес құрлықтағы 20-дан астам көрмені біріктіріп, автокомпоненттер, сервис және логистика нарығындағы халықаралық стандарттарды қалыптастырады. Орталық Азиядағы көрменің ұйымдастырушысы аймақтағы Messe Frankfurt GmbH компаниясының ресми өкілі Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы. Халықаралық салалық көрмелер өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың тиімді құралы. Мұндай алаңдар халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығаруға, инвестиция тартуға және заманауи технологияларды трансферлеуге ықпал етеді және қазақстандық өндірушілер, шетелдік серіктестер мен даму институттары арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындардың халықаралық көрмелеріне қатысуын қолдау мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың маңызды бөлігі. Automechanika Astana 2026 көрмесі отандық автомобиль индустриясы үшін халықаралық нарықпен тікелей диалог орнататын маңызды алаң ретінде ерекше мәнге ие. Ол автомобиль компоненттерін өндіруді жергіліктендіруді дамытуға, халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, кәсіпорындардың технологиялық базасын жаңартуға және қазақстандық өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбектеріне біріктіруге ықпал ететін құрал. Көрменің мерейтой кезеңі Қазақстан Республикасындағы автомобиль кластерінің қарқынды дамуы және заманауи сервистік әрі ілеспе өндірістік шешімдерге деген сұраныстың артуы кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында Automechanika Academy білім беру бағдарламасы, Automechanika Live Stage демонстрациялық алаңы, өндірушілер, дистрибьюторлар мен тапсырыс берушілер арасындағы B2B келіссөз сессиялары, жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен сараптамалық сессиялар өткізу жоспарланған. Көрмеге қатысу автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандары мен басшылары, автомобиль компоненттерін өндірушілер, сервистік және логистикалық компаниялар, дилерлік және дистрибьюторлық желілер, автомобиль көлігі операторлары, салалық қауымдастықтар, ғылыми-білім беру ұйымдары және мемлекеттік тапсырыс берушілер үшін өзекті. Көрмеге қатысу тегін. Қатысу үшін сілтеме https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=40&utm_source=mps

    ВыставкаАяқталды

    COMTRUX ASTANA 2026: КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПЕН АВТОЖОЛ ЛОГИСТИКАСЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢ

    2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana коммерциялық көлік пен автожол логистикасына арналған жаңа халықаралық көрме өтеді. Messe Frankfurt GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын Comtrux Astana көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы салалық көрме нарығының дамуына ықпал ететін бірден-бір алаң. Бұл Komtrans + BUSexpo Astana жобасына жасалған ауқымды ребрендингтің нәтижесі. Көрмеде: – жүк көліктері мен автобустар; – тіркемелер мен жартылай тіркемелер; – тасымалдарды бағдарлау және телематика технологиялары; – автопаркті басқарудың цифрлық жүйелері; – көлік және логистика инфрақұрылымына арналған заманауи әдістер ұсынылады. Сонымен қатар, өндірушілер, дистрибьюторлар, тасымалдаушылар, логистика операторлары, мемлекеттік құрылымдар өкілдері, корпоративтік тапсырыс берушілер мен кәсіби сатып алушылар үшін көрме жақсы мүмкіндік. Comtrux Astana 2026 көрмесі Eurasian Construction Technology Astana көрмесімен қатар өтетініне ерекше назар аударған жөн. Осы арқылы көлік пен құрылыс салалары арасындағы өзара ықпалдастық күшейіп, әлеуетті серіктестермен байланыс орнату мүмкіндіктері кеңейетін болады. 2025 жылы Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 230 компания қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында 100-ден астам B2B-кездесу өтті. Көрме қорытындысы бойынша жалпы көлемі 200 млн теңгеден асатын келісімдерге қол қойылды . Comtrux Astana 2026 көрмесі: – коммерциялық көлік пен логистикалық шешімдер нарығындағы жаңа өнімдермен танысу; – жеткізушілер және өндірушілермен тікелей келіссөздер жүргізу; – бизнес пен сатып алу бағытында жаңа байланыстар орнату; – Қазақстан мен Орталық Азия нарығының өзекті трендтерін зерделеу; – кәсіби салалық ортаға қосылып, кәсіпорынды дамытуға жол ашады. Тіркелу үшін: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=41&utm_source=govkz&utm_medium=govkz&utm_campaign=govkz Ұйымдастырушылар мен байланыс у үшін: Ольга Носова , жобаның жетекші менеджері Тел.: +7 (717) 264 22 10 (ішкі 205) E-mail: [email protected] Әділжан Кәрімов , PR/GR менеджер Тел.: +7 771 988 1200 E-mail: [email protected]

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Международном выставочном центре EXPO в АстанеӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    ВыставкаАяқталды

    ASTANABUILD 2026 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ

    28-сінен 30-сына дейін астанада AstanaBuild халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді — құрылыс секторы, архитектура, дизайн саласындағы кәсіпқойлар үшін негізгі салалық алаңдардың бірі. Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді. Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген компаниялар, оның ішінде Қытай мен Ресейдің ұжымдық экспозициялары қатысады. Қатысушылар арасында ірі халықаралық өндірушілер де, аймақтық компаниялар да бар. Alubest, Alstar, Avcom Kazakhstan, Dalmex, Garant Tranzit Plus, Panelsan, Yasar, Анкор-Астана, Гипсовинил, М-Конструктор, Полимерметалл-Т өз қатысуын растады. Экспозиция өнімдердің кең спектрін қамтиды: қабырға панельдері мен алюминий профильдерінен бастап лифт жабдықтары мен энергия тиімді инженерлік шешімдерге дейін. Көрменің іскерлік бағдарламасы іс-шараның маңызды бөлігі болып табылады және құрылыс дамуының өзекті мәселелеріне, нормативтік реттеу мен саланы цифрландыруға бағытталады. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар мен семинарлар, кәсіби кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасу жоспарланған. AstanaBuild 2026 бизнес үшін жаңа көкжиектер ашады, қатысушыларға өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және Қазақстанның құрылыс нарығында өздерін танытуға көмектеседі. Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін : https://astanabuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ASB2026MPS Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКО Өтетін күндері: 2026 жылғы 28–30 сәуір Ұйымдастырушылардың байланыс деректері: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Астана, МВЦ «EXPO»Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    Международный форумАяқталды

    16-шы тау-кен геологиялық форумы MINEX Kazakhstan 2026 өз бағдарламасын жариялады және спикерлер мен көрмеге қатысушыларға өтінімдер қабылдануда

    16-шы халықаралық тау-кен геологиялық форумы MINEX Kazakhstan 2026 жылдың 15-16 сәуірінде Астанада (Radisson Astana қонақ үйі) «Қазақстанның минералды ресурстары: көпвекторлы шындықтағы реформалар және құндылықтарды құру» тақырыбымен өтеді. 2010 жылы құрылғанынан бері MINEX Kazakhstan реттеуші органдар, тау-кен және барлау компаниялары, технологиялық және қызмет көрсетушілер және қаржы институттары арасындағы диалог үшін жетекші платформаға айналды. Екі күндік 2026 бағдарламасына стратегиялық, инвестициялық және техникалық сессиялар, мамандандырылған презентация сессиялары, жобаларды басқару бойынша семинарлар және «Тау-кен инновациялары, технологиялар және инвестициялар» көрмесі кіреді. Форум гала-кешкі аспен және Қазақстан Тау-кен палатасының «Тау-кен саласындағы үздік» сыйлығымен аяқталады. Толығырақ және тіркеу: https://2026.minexkazakhstan.com/ru Бағдарлама құрылымы Форум саланың стратегиялық мәселелерін қарастырады: Маңызды минералдардың (уран, мыс, сирек кездесетін жер металдары) геосаясаты және Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіндегі орны. Жер қойнауының геосаясаты, маңызды минералдар, реттеуші реформалар және 2030 жылға дейінгі ұлттық саланы дамыту стратегиясы бойынша стратегиялық пленарлық сессиялар. 2026 жылға арналған реформалар: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер, роялтиге көшу, стратегиялық инвестор мәртебесі және бақылау мен инвестицияның тепе-теңдігі. АХҚО, Қазақстан Тау-кен палатасы, SRK Consulting, SLR және басқалармен серіктестікте ұйымдастырылған инвестициялық сессияларда барлауды қаржыландыру модельдері, ашылуларды масштабтау және бірігу және сатып алу мәмілелерінің тиімділігін арттыру талқыланады. Жасанды интеллект және цифрландыру, су ресурстарын басқару, ESG тәжірибелері, кеніш энергиясымен жабдықтау және жобаларды дайындауды жақсарту (банкке жарамды техникалық-экономикалық негіздемелер) бойынша техникалық сессиялар мен тақырыптық конференциялар. B2B презентацияларына арналған презентация сессиялары, бұл компанияларға жобалар мен шешімдерді әлеуетті серіктестер мен инвесторларға ұсынуға мүмкіндік береді. Бағдарлама архитектурасы https://2026.minexkazakhstan.com/ru/programma/ Қатысушылар және формат Алдыңғы MINEX Kazakhstan 2025 форумында Орталық Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Австралияны қоса алғанда, шамамен 30 елден 100-ден астам спикер, 500-ден астам делегат және 40 экспонент қатысты. Көрмеге Қазақстан мен көршілес елдердің тау-кен және барлау компанияларының 1000-нан астам өкілі қатысты. 2026 жылғы форумға келесілер қатысады деп күтілуде: Мемлекеттік органдар мен реттеуші органдардың өкілдері; Тау-кен және барлау компаниялары; Жабдықтарды, қызметтерді және цифрлық шешімдерді жеткізушілер; Қаржы және инвестициялық институттар; Консалтингтік компаниялар, заң фирмалары, үкіметтік емес ұйымдар және академиялық қауымдастық. Форум форматы барлық сессияларға, кофе-брейктерге және түскі астарға, сондай-ақ желілік байланыс орнатуға, кездесулерді жоспарлауға және іс-шарадан кейін презентациялар мен бейнежазбаларға қол жеткізуге арналған веб-қосымшамен жеке қатысуды қамтиды. Қатысу шарттары және қосымша мүмкіндіктер Компаниялар әртүрлі жолдармен қатыса алады: Жабдықталмаған стендтері мен стенд құрылымдары бар көрме пакеттеріне делегаттарға арналған рұқсаттар, презентация сессияларында баяндама жасау мүмкіндігі және гала-кешкі ас билеттеріне жеңілдіктер кіреді. Бағасы стенд санатына және төлем мерзіміне байланысты (1 наурызға дейін, 1 наурыздан кейін). Коммерциялық және коммерциялық емес презентация пакеттеріне форум сессияларының бірінде 10-15 минуттық презентация, спикердің профилі, презентацияның бейнежазбасы және форум материалдарына кеңейтілген қол жеткізу кіреді. Барлық сессияларға, кофе-брейктерге және түскі астарға қол жеткізу, веб-қосымшаны пайдалану және іс-шаралардан кейін презентациялар мен бейнежазбаларға қол жеткізуді қамтитын форум делегаттарының пакеті. Қосымша жарнама мүмкіндіктері: залдардағы және веб-қосымшадағы экрандарда бейнежарнама, форум қатысушыларына электрондық пошта арқылы ақпараттық бюллетеньдер жіберу және делегат сөмкелеріне жарнамалық материалдарды қосу. Гала-кешкі ас бөлек бағамен ұсынылады. Толығырақ және тіркелу: https://2026.minexkazakhstan.com/ru/registracziya/ Ұйымдастыру комитетінің байланыстары Делегат, экспонент немесе демеуші ретінде қатысуды растау үшін, сондай-ақ бағдарлама мен серіктестік туралы сұрақтар бойынша мүдделі компаниялар мен ұйымдар MINEX форумының хатшылығына хабарласа алады: Орталық Азиядағы өкілдік: [email protected] +7 747 5100785 (Қазақстан). MINEX форумының штаб-пәтері (Лондон, Ұлыбритания. +5 Астана уақыты) [email protected] +44 208 089 2886

    15 сәуір 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.