Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгілік ережесінің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) 12 тармағына сәйкес байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережесінің 2-қосымша сына сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті мемлекеттік органға ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.
Ұсыну мерзімі: конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.
Байланыс деректер: Ұлттық экономика министрлігінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы,
Мәңгілік Ел даңғылы 8, 7-кіреберіс, тел.+7(7172) 74-30-38, [email protected].