2026 жылы 21 маусымда Алматы қаласында Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясы өтеді. Бұл – тұрғындарды, бизнес өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік бастамаларды тұрақты даму, саналы тұтыну және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттары төңірегінде біріктіретін қаладағы ең ірі қоғамдық экологиялық алаңдардың бірі.
Жоба 2019 жылдан бері «Greenup.kz» қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылып келеді және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға, экологиялық өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ тұрғындарды қалдықтарды бөлек жинау және ресурстарды қайта пайдалану тәжірибесіне тартуға бағытталған.
Экологиялық акция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының міндеттерін іске асыруға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін дамытуға және Алматы тұрғындарын экологиялық жауапты қалалық қауымдастық қалыптастыруға тартуға ықпал етеді.
Қатысушыларды не күтеді?
Іс-шара аясында келесі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылады:
♻️ Recycle — қайта өңдеуге арналған қайталама шикізатты қабылдау;
👕 Reuse — қайта пайдалануға жарамды заттарды жинау;
🎁 Дармарка — заттарды тегін алмасу алаңы;
📚 Book Crossing — кітап алмасу алаңы;
🪴 Plant Swap — бөлме және бақша өсімдіктерін алмастыру;
🛠️ Workshops — экологиялық шеберлік сабақтары;
🛍️ Fair — жергілікті экологиялық брендтер мен экобастамалар жәрмеңкесі.
Recycle Бірге экологиялық акциясы жыл сайын 1 500–2 000-нан астам қатысушыны жинап, орта есеппен 4,5 тоннаға жуық қайталама шикізаттың қайта өңдеуге жіберілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл алаң 20-дан астам әлеуметтік, шығармашылық және экологиялық жобаларды, қайырымдылық ұйымдарын, жергілікті брендтер мен экологиялық стартаптарды біріктіреді.
«Recycle Бірге экологиялық акциялары – бұл тек қалдықтарды жинау ғана емес. Бұл адамдарды қоршаған ортаға және бір-біріне қамқорлық жасау құндылықтары төңірегінде біріктіретін, білім алуға, пікірлес жандар табуға және оң өзгерістерге шабыттануға мүмкіндік беретін кеңістік. Біз экологиялық өмір салты қаланың әрбір тұрғыны үшін қолжетімді әрі табиғи өмір сүру дағдысына айналуға тиіс деп санаймыз», – дейді ұйымдастырушылар.
Жобаны қолдау
Экологиялық акция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында төмендегі ұйымдардың қолдауымен өткізіледі:
* Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігі;
* Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы;
* Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы.
Іс-шара серіктестері:
* Mars Kazakhstan;
* Coca-Cola CCI Kazakhstan компаниясының Restart.qaz жобасы;
* Gedeon Richter Kazakhstan.
Ақпараттық серіктестер:
* «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ;
* «Eco Almaty» ЖШС.
Алматы тұрғындарын экоакцияға шақырамыз!
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын отбасы мүшелерімен, достарымен және балаларымен бірге экологиялық акцияға қатысуға, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға және Алматының тұрақты болашағына тағы бір қадам жасауға шақырады.
📅 Күні: 2026 жылы 21 маусым
🕑 Уақыты: 14:00–17:00
📍 Өтетін орны: ҚБТУ аумағы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59 (Панфилов көшесінің қиылысы)
Ұйымдастырушы:
Recycle Бірге экологиялық қозғалысы («Greenup.kz» ҚҚ)
Қосымша ақпарат:
Instagram: @recycle.birge
Қазақ тілінде: @recycle.birge.qaz
БАҚ өкілдерін, серіктестерді және қоршаған ортаға бейжай қарамайтын барлық тұрғынды экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз!
Экология – тренд емес. Бұл – бәріміз бірге жасайтын таңдау.
БАҚ үшін байланыс:
Әлия Сальменова — +7 778 080 3001
Камила Акимбекова — +7 701 799 8082
Айгүл Муслимова — +7 777 249 9131