- Онлайн бағдарламаның атауы: « COVID-19 кезінде және одан кейін әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін күшейту және кеңейту »
- Онлайнкурстың ұзақтығы: 2021 жылғы 08 - 24 маусым аралығында
- Жұмыс тілі: орыс тілі
- Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 05 мамыр
- Қажетті құжаттар: Өтінім нысаны
- Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Үміткерлер:
- өз елі үкіметінің ұсынымын алуы;
- әйелдер бизнесін қолдаумен және дамытумен айналысатын экономикалық ұйымдардың мемлекеттік қызметшілері немесе қызметкерлері не жеке компания өкілдері / басшылары болуы;
- аралас пәндерде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- аяқталған жоғары білімінің болуы;
- орыс тілін жоғары деңгейде меңгеруі тиіс.
- Онлайн-бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:
- динамик / микрофон және веб-камерасы бар дербес компьютердің немесе планшеттің болуы (смартфонды пайдалану ұсынылмайды);
- жылдамдығы жеткілікті тұрақты Интернет байланыс (5 Мб/сек);
- қатысушылар онлайн-дәрістерге қатысу үшін үйде немесе офисте өз құрылғыларын қолдануы тиіс;
- JICA қатысушылардан онлайн-оқытуға барынша көңіл бөлуді күтеді;
- онлайн-бағдарламаға қатысу және әртүрлі тапсырмаларды орындау онлайн-курсты аяқтау үшін маңызды талап болып табылады.
Оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметтерді 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есіркеповтен алуға болады.