- Онлайн бағдарламаның атауы: Орталық Азия мен Кавказ елдерінің жас көшбасшыларына бағдарланған « Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту және ілгерілету курсы »
- Онлайнкурстың ұзақтығы: 2021 жылғы 12 шілдеден бастап 11 тамыз аралығында
- Жұмыс тілі: орыс тілі
- Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 12 мамыр
- Қажетті құжаттар: Өтінім нысаны, паспорттың көшірмесі, бағдарламадан кейінгі пікіртерім үшін байланысатын тұлғаның мәліметтері
- Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Үміткерлер:
- өз елі үкіметінің ұсынымын алуы;
- өңірлік экономиканы ілгерілетуге қатысатын экономикалық ұйымдардың мемлекеттік қызметшілері немесе қызметкерлері не жеке компанияның өкілдері / басшылары болу;
- жұмыс тәжірибесінің болуы және жоғарыда көрсетілген қызметпен айналысу;
- аяқталған жоғары білімінің болуы;
- болашақта мамандандырылған салада көшбасшы болу перспективасымен 20 - 35 жас аралығында болуы;
- орыс тілін жоғары деңгейде меңгеруі және ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білуі тиіс.
Гендерлік теңгерімнің маңыздылығын ескере отырып, біз әйелдерді қатысуға шақыруды ұсынамыз
- Онлайн-бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:
- динамик / микрофон және веб-камерасы бар дербес компьютердің немесе планшеттің болуы (смартфонды пайдалану ұсынылмайды);
- жылдамдығы жеткілікті тұрақты Интернет байланыс (5 Мб/сек);
- қатысушылар онлайн-дәрістерге қатысу үшін үйде немесе офисте өз құрылғыларын қолдануы тиіс;
- JICA қатысушылардан онлайн-оқытуға барынша көңіл бөлуді күтеді;
- онлайн-бағдарламаға қатысу және әртүрлі тапсырмаларды орындау онлайн-курсты аяқтау үшін маңызды талап болып табылады.
Оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметтерді 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есіркеповтен алуға болады.