- Онлайн-бағдарламаның атауы: «Спорт және оның мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтендіруге көмектесудегі рөлі»
- Онлайнкурстың ұзақтығы: 2021 жылғы 14 – 30 маусым аралығында
- Жұмыс тілі: орыс тілі
- Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 7 мамыр
- Қажетті құжаттар: Өтінім нысаны, паспорттың көшірмесі, бағдарламадан кейінгі пікіртерім үшін байланысатын тұлғаның мәліметтері
- Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Үміткерлер:
- өз елі үкіметінің ұсынымын алуы;
- мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спортты ілгерілетуге белсенді қатысатын лауазымды / басқарушы адамдар; сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ұйымдарға қатысуы;
- тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- 50 жастан аспау;
- орыс тілін жоғары деңгейде меңгеру тиіс.
Гендерлік теңгерімнің маңыздылығын ескере отырып, біз әйелдерді қатысуға шақыруды ұсынамыз
- Онлайн-бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:
- динамик / микрофон және веб-камерасы бар дербес компьютердің немесе планшеттің болуы (смартфонды пайдалану ұсынылмайды);
- жылдамдығы жеткілікті тұрақты Интернет байланыс (20 Мб/сек);
- қатысушылар онлайн-дәрістерге қатысу үшін үйде немесе офисте өз құрылғыларын қолдануы тиіс;
- JICA қатысушылардан онлайн-оқытуға барынша көңіл бөлуді күтеді;
- онлайн-бағдарламаға қатысу және әртүрлі тапсырмаларды орындау онлайн-курсты аяқтау үшін маңызды талап болып табылады.
Оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметтерді 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есіркеповтен алуға болады.