KOICA 2021 стипендиялық бағдарламасы шеңберінде оқу курстары

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    АнонсАяқталды

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы жылы KOICA 2021 стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Корея Республикасының халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) Корея Республикасының университеттерімен ынтымақтастықта келесі 10 оқу бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отырғанын хабарлайды:

    1. High Value-added Agriculture - Kyungpook National University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    2. Smart City - SungKyunKwan University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    3. E-Government and Public Management - Yonsei University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    4. Aviation Management - Korea Aerospace University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    5. Fisheries Science - Pukyong National University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    6. Civil Society Leadership - Ajou University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    7. Asian Gender Leadership - Ewha Womans University (а.ж. 26 мамырға дейінгі мерзімде);
    8. Techno-Entrepreneurship Competency Based on ICT Convergence - Handong Global University (а.ж. 17 мамырға дейінгі мерзімде);
    9. Capacity Building for SDGs - Seoul National University (а.ж. 11 мамырға дейінгі мерзімде);
    10. Oversea Government Railway Staffs - Seoul National University of Science and Technology (а.ж. 31 мамырға дейінгі мерзімде).

    Осыған байланысты, Министрлік жоғарыда көрсетілген бағдарламаға қатысу үшін тиісті кандидатуралары бар ұсыным хаттар жолдауды сұрайды.

    Оқу бағдарламасына қатысты толық ақпаратты http://www.koica.go.kr/ciat/index.do сайттан көруге немесе 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Данияр Есіркеповтен алуға болады.

    Инвестиционная политика и развитие ГЧП

    Ұқсас материалдар

    АнонсАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 26 наурыз

    2026 жылғы 26 наурызда Министрлік «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» туралы тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ағымдағы өзгерістер туралы ақпарат берілді. Семинар қорытындысы бойынша баяндамашы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің ережелерін қатаң сақтаудың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара барлық қызметкерлер үшін Министрліктің Заң департаментімен ұйымдастырылды.

    АнонсАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 желтоқсан

    2025 жылғы 18 желтоқсанда Министрлік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі кейбір мәселелер» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот практикасының негізгі аспектілері түсіндірілді. Атап айтқанда, іс жүргізу кезінде құқықбұзушылық құрамдарын дұрыс саралау ерекшеліктері, сондай-ақ соттардың қаулы шығарудағы және санкцияларды қолданудағы өзекті тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі кең тараған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау және азайту тетіктері, сондай-ақ адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік іс-шаралар талқыланды. Семинар нәтижесінде спикерлер әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау кезінде іс жүргізу нормаларын қатаң сақтаудың, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеудің және нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактиканың маңыздылығын атап өтті.

    АнонсАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 қыркүйек

    2025 жылғы 18 қыркүйекте Министрлік «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге конституциялық бақылаудың негізгі аспектілері түсіндірілді, соның ішінде нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ету механизмдері, Конституциялық Соттың рөліне қатысты өзекті тәжірибелер атап өтілді. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық мәселелері, оның ішінде рәсімдердегі тиі кездесетін бұзушылықтар, өңдеудің тиімділігін арттыру шаралары және тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Семинар қорытындысы бойынша спикерлер конституциялық бақылау нормаларын қатаң сақтаудың және жеке және занды тұлғалардың өтініштерін жедел, ашық қараудың маңыздылығын атап өтті.

    АнонсАяқталды

    ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбековтің Түркістан облысы Түлкібас және Сайрам аудандарының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыруы

    «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы №12 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбеков 2025 жылғы 1 тамызда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түлкібас және Сайрам аудандарындағы объектілерді аралайды. Объектілерді аралағаннан кейін вице-министр Түлкібас ауданында халықпен кездесуі өтеді. Өтетін орыны: сағат 16:10-де Түлкібас ауданы Дәубаба ауылының Сеславин атындағы орта мектебі. Кіру тегін.

    АнонсАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 29 мамыр

    2025 жылғы 29 мамырда Министрлік «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі: негізгі аспектілері және 2025 жылғы өзекті өзгерістері» және «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде мөлшерлемелер жасауға шектеу қоюдын кейбір мәселелері туралы» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге Бюджет кодексінің негізгі аспектілері мен өзекті өзгерістері, оның ішінде бюджетті жоспарлаудың, бюджетті орындаудың және шығыстарды бақылаудың жаңа тәсілдері түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, букмекерлік кеңселерде ставка жасауға қатысуына шектеу қоюға байланысты мәселелер қаралды. Семинар қорытындысы бойынша баяндамашылар Бюджет кодексінің ережелерін, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына шектеу қою мәселелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара барлық қызметкерлер үшін Министрліктің Заң департаментімен ұйымдастырылды.

    АнонсАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 30 қантар

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 30 қантар 2025 жылғы 30 қаңтарда Министрлік «Нормашығармашылық қызметтің кейбір мәселелері» (құқықтық мониторинг жүргізудің жаңартылған қағидаларының негізгі ережелері, ғылыми сараптамаларды ұйымдастыру және өткізу), «Қол қою құқығының кейбір мәселелері» және «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы жаңалықтар» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында Министрлік қызметкерлеріне құқықтық мониторинг жүргізудің жаңартылған қағидаларындағы өзгерістер, ғылыми сараптамаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, қол қою құқығы туралы түсініктемелер берілді. Семинарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер қарастырылды. Құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында нормашығармашылық қызметтің өзекті мәселелері және оны жетілдіру тәсілдері талқыланды. Семинар қорытындылары заңнама талаптары мен Министрліктің ішкі регламенттерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара барлық қызметкерлер үшін Министрліктің Заң департаментімен ұйымдастырылды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.