2021 жылдың 27 мамырында сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді. Шараға қоғам қайраткерлері, ТЖМ аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы онлайн форматта қатысатын болады.
Сағат 11.30-да Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.
Сағат 12.00-де Академия алаңында жас офицер-түлектерге оқу орнын бітіру туралы дипломдар беру және оларды шығарып салу салтанатты рәсімі өтеді.