Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    ТЖМ басшысы Қызылордадағы жедел-құтқару жасағында жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
    Ашу

    Төтенше жағдайлар министрі Қызылорда облысы ТЖД-не барды

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
    Ашу

    Шыңғыс Әрінов Қамбаш көліндегі құтқару станциясының дайындығын тексерді

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
    Ашу

    Алматы қаласы мен Алматы облысының тауларында сел жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізілді

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
    Ашу

    Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған акцияны қолдады

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
    Ашу

    Шыңғыс Әрінов «Batyr Team» жас спортшыларымен кездесті

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шайбалы хоккейден кубогы

    25–26 мамыр күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шайбалы хоккейден кубогы өтеді. Мұз үстінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген құтқарушылар командалары күш-жігерін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетеді. Матчтар таңғы сағат 08:30-да басталады. Өтетін орны: Алматы қаласы, Halyk Arena. Көрермендерге кіру тегін. Қала тұрғындары мен қонақтарын қатысушыларға қолдау көрсетуге және тартысты хоккей матчтарының атмосферасын сезінуге шақырамыз.

    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа: ТЖ министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан III-ші турнир

    2026 жылғы 20-22 мамыр аралығында Түркістанда Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан III-ші турнир өтеді. Өтетін орны: Түркістан қаласының «Керуен Сарай» кешені. Кіру тегін. Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстанның ТЖМ «Batyr Team» спорттық клубы. Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен азаматтық қорғау органдарының 300-нан астам қызметкері, 25-команда қатысады.

    ОтырысАяқталды

    «Өрт қауіпті маусымға дайындық туралы» тақырыбындағы брифинг

    16 сәуірде сағат 12:00-да ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында (Б. Момышұлы, 2/11) «Өрт қауіпті маусымға дайындық туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикер: ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Төлешев Асқар Дәулетбайұлы.

    16 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Еліміздің өңірлеріндегі су айдындарында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда» тақырыбында көшпелі брифинг

    3 сәуірде сағат 11:00-да Есіл өзенінің жағасында (Астана қаласы, Тұран даңғылы, 2/11) «Еліміздің өңірлеріндегі су айдындарында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда» тақырыбында көшпелі брифинг өтеді. Іс-шара аясында құтқарушылардың қатысуымен Есіл өзені бойында патрульдеу жүргізіледі. Спикер: ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Кәрімбаев.

    3 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел

    2026 жылғы 18 наурызда сағат 14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Спикерлер: ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Алдамжаров Нұрлан Жанұзақұлы; ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ошурбаев Мансұр Тұрсынұлы; «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Серікбай Нұрғалым Тәжібайұлы; ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Жүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы; ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Абдуллин Төлеген Тұрсынұлы.

    18 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Қыс мезгіліндегі авариялық-құтқару жұмыстары. Жылыту маусымының өту барысы» тақырыбындағы баспасөз конференциясы

    2026 жылғы 13 наурызда сағат 12:00-да Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында (Б. Момышұлы, 2/11) «Қыс мезгіліндегі авариялық-құтқару жұмыстары. Жылыту маусымының өту барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикер болып ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев сөз сөйлейді.

    12 наурыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатыларында рұқсат етілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде қандай шаралар қабылдау қажет?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, сондай-ақ жобалық құрылыстың сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру құжаттаманы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Осыған байланысты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатысында жол берілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде аумақтылығы бойынша тиісті әкімдіктерге жүгіну қажет.

    Сұрақ

    Бір қабатты жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын орнату талап етіле ме?

    Жауап

    ҚР ҚН 3.02-02-2023 «Бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін жобалау» 5.3.10-тармағына және Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 154-1 тармағына сәйкес, тұрғын үй-жайлар автономды оптика-электронды түтіндік өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Мұндай талап өрттің уақтылы анықталуын қамтамасыз етуге, адамдарды эвакуациялау үшін шаралар қабылдауға, өрттің таралуын шектеуге, адам өлімі мен материалдық залал қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Автономды өрт датчиктері - бұл өздігінен жұмыс істейтін және өрт дабылы жүйелеріне қосылмайтын тұрмыстық өнім. Оларды пайдалану оңай. Өрт хабарлағыштары үшін сертификаттың болуы, сондай-ақ толық техникалық және пайдалану сипаттамасы (нұсқаулық, орнату бойынша ұсынымдар, кепілдік міндеттемелер) болуы міндетті. ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан барлық адамдар үшін міндетті болып табылатынына назар аударады. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі олардың иелеріне толығымен жүктеледі.

    Сұрақ

    Өртте балалардың өлімімен топтық жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін ТЖМ не істеп жатыр?

    Жауап

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ТЖМ қызметі басты назарда болатын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуге бағытталған шаралар кешені қабылдануда. Біріншіден, әр өңірде азаматтармен ауқымды үгіт-профилактикалық іс-шаралар (кездесулер, әңгімелер, нұсқамалар, рейдтер, азаматтармен жиындар, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жадынамалар тарату) өткізіледі. Екіншіден, әлеуметтік осал отбасылармен нүктелік (атаулы) түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (профилактикалық сапарлармен көп балалы отбасылар, мүгедек отбасылар немесе бейәлеуметтік өмір сүрушілер қамтылады). Үшіншіден, балабақшалардан бастап және бүкіл мектеп кезеңінде балалармен тікелей жұмыс жүргізіледі. Еліміздің барлық оқу орындарында қауіпсіздік мәселелерін зерделей отырып, сынып сағаттары өткізіледі. ТЖ кезінде қауіпсіз мінез-құлық бойынша білім деңгейін арттыру үшін білім беру ұйымдарында оқушылар мен оқытушыларды тарта отырып, нұсқамалар мен оқу орындарының ғимараттарынан қауіпсіз эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі. Өскелең ұрпақты ТЖ-ға жан-жақты дамыту және дайындау, ТЖ іс-қимыл дағдыларын алу және жетілдіру мақсатында өңірлердің білім беру ұйымдарының базасында 2,5 мыңға жуық «Жас құтқарушы» үйірмелері және т.б. құрылды. Алайда, барлық жерде өткізілетін іс-шаралар кешеніне қарамастан, балалардың өлімі мен жарақат алу жағдайлары жалғасуда. Трагедияның көпшілігі балаларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ ересектердің өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын сақтамауына байланысты (электр желілерін шамадан тыс жүктеу, жылыту пештері мен электр жүйелерін уақтылы жөндемеу, мұржаларды күйеден тазарту).

    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын өткізу кезінде ҚР заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіштердегі дәстүрлі құжаттармен қатар электрондық-цифрлық құжаттарды (куәлік және хаттама) жүргізуге бола ма?

    Жауап

    «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат қағаз құжатқа теңестіріледі. Түпнұсқаны дәл қайталайтын бағдарламалар қолданылған жағдайда хаттамалар мен куәліктердің қағаз нұсқаларына ұқсас электрондық нұсқаларын пайдалануға рұқсат етіледі. Заңды тұлғалар арасындағы шарттарды орындау кезінде интернетсіз шалғай аудандарда қызметкерлерді оқытатын ұйымдардың қажеттіліктерін ескеру маңызды. Комиссия отырысының хаттамасына және өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлікке тиісінше комиссия мүшелері мен оқу орталығының басшысы қол қоюға тиіс.

    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын қашықтықтан («online» режимінде) өткізуге жол беріле ме?

    Жауап

    Азаматтық қорғау саласындағы заңнамада ұйымдардың қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына онлайн форматта оқытуды көздейтін талаптар регламенттелмеген. Ұйым қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларында және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарда (ТЖМ-нің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы) ұйым қызметкерлерінің объектіде өрт болған жағдайда өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту тәртібі мен практикалық жаттығулар рәсімі белгіленген. Осылайша өрт-техникалық минимумның бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқытуға («on-line» режимі) жол берілмейді.

    Сұрақ

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын алу үшін не қажет?

    Жауап

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеру аттестатын алу үшін заңды және жеке тұлғалар ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі өтініш береді. Өтінішке қоса беріледі: - сараптама ұйымының мамандары құжаттарының көшірмелерін: «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білім; өзге де жоғары білім және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс өтілі кемінде бес жыл; - мамандарды жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттары; - сараптама ұйымына меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы құжаттардың көшірмелері. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы шешім туралы хабардар етіледі.

    Ақпарат

    Республика аумағында 2026 жылдың бес айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

    Республика аумағында 2026 жылдың бес айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

    Реестр

    Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілім

    Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілім

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.