2021 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің экономика саласындағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өткізіледі (онлайн-форматта, ZOOM платформасы арқылы).
Осыған байланысты, үкіметтік емес сала өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз және а.ж. 21 маусымға дейін кездесуге қатысатынын растауды және талқыланатын тақырыпқа орай ұсыныс-сауалдарын («ҮЕҰ-мен кездесу» тақырыбын көрсете отырып) [email protected] электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Анықтамалар мына телефондар бойынша: 74-33-77, 8 701 355 31 46.
Кездесудің өткізілу уақыты мен сілтемесі қосымша хабарланады.