2021 жылғы 1-5 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XVI Әлем чемпионаты және әйелдер арасында VII Әлем чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа Қазақстан, Беларусь, Словакия, Польша, Сенегал, Чехия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Моңғолия, Австрияның 10 ерлер және 5 әйелдер командасы, сондай-ақ Катар, Болгария, Сербия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Греция, Италия делегаттары қатысады.
Әлем чемпионатының ресми ашылу салтанаты 2021 жылғы 2 қыркүйекте сағат 18:30-да Қарағанды қаласының "Шахтер" орталық стадионында (Қазақстан көшесі, 1) өтеді.
Жиналу уақыты: 2 қыркүйек сағат 08:00-де Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі
Аккредиттеу мәселелері бойынша
2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін
ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне хабарласыңыз
Байланыс нөмірлері: +77789253889, +77015290187
электрондық мекенжай: [email protected]