2021 жылғы 15 желтоқсан күні сағ.16.00-де облыс әкімінің білім, денсаулық, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары туралы мәселелерін жетекшілік ететін орынбасары Б.М. Шаменова азаматтардың жеке қабылдауын өткізетінін хабарлайды.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 (7242) 40-11-91 (7046) нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Хабарландыру
- Орны
- г.Кызылорда, ул. Султан Бейбарыс, 1
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
«Еңбек Жолы» конкурсына қатысыңыз!
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды. «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді. Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Конкурсты өткізу мақсаттары: 1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау; 2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; 3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; 4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу; 5) еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) «Үздік еңбек әулеті»: Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс; 2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»: Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) «Өндірістің үздік жас маманы»: Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады; Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: 1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке куәліктің көшірмесін; 3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); 5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама); 6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау; 1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиясымен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау; қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау; 10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну; 1-15 қыркүйек аралығында республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау; қазан айында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын республикалық форумында марапаттау. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен - жайлардан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері. Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз. Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз!
Хабарландыру
«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 01.06.2026 ж.- 30.06.2026 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
«Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз
«Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі: 1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.; 2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; 3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады; 4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға міндетті. Бағдарламалар және олардың жобалары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік сипатында және әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекелестікті арттыруға бағытталуы тиісті. Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни: 1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған; 2) жойылу сатысында емес, банкроттық деп танылмаған; 3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жалақыға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы қажет; 4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет; 5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдардың іс-әрекетін қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған; 6) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық көлемде тапсырған. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын hr.enbek.kz сайты арқылы тапсырады. Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
AGENT&IRBIS
Логлайн Интерпол агенті Айжан синтетикалық есірткі мен химиялық қару жасап жатқан халықаралық экстремисті қуалайды. Айжан сатқындықты сезіп, ешкімге сенбейді. Оған көмектесетін – бала мінезді, әзілқой такси жүргізушісі Азамат, отбасылық достарының ұлы. Айжан Азаматтың ІІМ-нің жасырын қызметкері екенін білмейді. Екеуі бірге із кесіп, қудалауға, атыс-шабыс пен өлімге бас тіккен жекпе-жектерге тап болады. Қиындықтар оларды жақындастырады, олар бір-біріне ғашық болады. Бірақ өтірікке негізделген қарым-қатынас өміршең бе? Шындық бәрібір ашылады. Қысқаша синопсис Алматыға Интерполдың Лиондағы штаб-пәтерінен арнайы агент Айжан Ашимова келеді. Көрікті, өткір мінезді, туған еліне мектептен кейін бірінші рет оралып отыр. Айжан – халықаралық экстремист, Юсуф не Юду деген атпен танымал қылмыскердің ізіне түскен. Ол синтетикалық есірткі мен химиялық қару жасап, таратумен айналысады. Еуропада Айжанның серіктесі әрі жақын досын өлтіріп кеткен. Сондықтан Айжан сатқындықтан қорқып, ешкімге сенбейді. Юду ауа арқылы тарайтын жаңа есірткі ойлап тапқан. Бұл зат бір рет қолданғаннан-ақ тәуелділік тудырып, өте ауыр абстиненцияға әкеледі. Құрығына түскен адамдар жаңа доза алу үшін кез келген нәрсеге баруға дайын. Ал ол дозаны тек Юдуден ғана алуға болады. Бұл оған шексіз билік береді. Юдудың басты нысанасы – 1,5 миллиард тұрғыны бар Қытай. Ал Қазақстан – оның басты операциялық базасы. Мұнда ол есірткіні өндіреді, тәжірибелер жүргізеді. Айжанға көмекке – қарапайым, әзілқой таксист Азамат келеді. Ол – Айжанның отбасы достарының ұлы. Айжан оның Ішкі істер министрлігінің жасырын агенті, тәжірибелі жедел қызметкер екенін білмейді. Екеуі бірге Юдудың ізіне түседі. Бастапқыда бір-бірімен тіл табысу оңайға соқпайды – Айжан суыққанды, мақсатына берік, Еуропадан алған тәкаппарлығы бар, ал Азамат – қалжыңқой, халықтың ішінен шыққан жігіт. Бірақ оларды ортақ борыш, патриотизм мен жанқиярлық біріктіреді. Кенеттен Айжан Азаматтың «жай» әңгімелерінің өзінде мән жатқанын түсінеді. Ол басқа қырынан ойлай бастайды, тергеу алға жылжиды. Қиындықтар оларды жақындастырады, олар бір-біріне ғашық болады. Қудалау, атыс-шабыс, өлім мен өмір арпалысы. Юду мен оның жақтастары үшін жер тозаққа айналады. Бірақ жау оңай берілмейді. Ол айлакер, қатыгез және ешнәрседен тайынбайды. Азаматқа күн өткен сайын Айжаннан шындығын жасыру қиындай түседі. Ақыр соңында, қауіпті сәтте, ол өзінің кім екенін ашуға мәжбүр болады. Айжан оны кешіре ала ма? Екеуі ортақ мақсат үшін менмендікті ысырып тастай ала ма? Финалдық шайқас барлығын орнына қояды. Қаһармандардың айырмашылықтары көп, бірақ мақсаттары бір – қарапайым халықтың қауіпсіздігі. Олар – соңғы қорғаныс шебі, қателесуге хақылары жоқ.
Хабарландыру
«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 02.06.2025 ж.- 30.06.2025 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
«Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз
«Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі: 1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.; 2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; 3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады; 4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға міндетті. Бағдарламалар және олардың жобалары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік сипатында және әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекелестікті арттыруға бағытталуы тиісті. Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни: 1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған; 2) жойылу сатысында емес, банкроттық деп танылмаған; 3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жалақыға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы қажет; 4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет; 5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдардың іс-әрекетін қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған; 6) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық көлемде тапсырған. Үміткерлер келе құжаттарды тізімге сәйкес жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе бөлімдерге 2 данада ұсынуы қажет: 1) осы ереженің қосымшасына сәйкес толтырылған өтінім; 2) үміткердің қызметінің деңгейін бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің нақты нәтижелерін сипаттайтын есептілік. Есептілікте келесілер қамтылуы қажет: заңды немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпараттар; 3) есептілікте қосымша ретінде ұжымдық шарттар мен өзге де құжаттардың көшірмесі қамтылуы қажет; 4) қосымшаға сәйкес сауалнаманы толтырып ұсынуға. Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды. Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды бір данада ұсынады, оларда: 1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім; 2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады; Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы, ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат. 3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері. Анкета Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі
Хабарландыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық күрес жағдайында өскелең ұрпақтың назарын осы маңызды мәселелерге аудару әсіресе өзекті болып отыр. Осыған байланысты, жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнама жастар байқауы өткізіледі, оның мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті құрудағы шығармашылық бастамаларын қолдау және дамыту. Байқау 10-25 жас аралығындағы жастарға түрлі жарнама формалары арқылы - бейнероликтерден плакаттарға дейін сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік беретін бірегей тұғырнаманы ұсынады. Бұл байқау жастардың креативтілігін ынталандырып қана қоймай, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді. Байқауға жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығы www.anticorruption.life ресми сайтында тіркелу арқылы қатыса алады. Байқауды қорытындылау а. ж. 9 желтоқсанға Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне жоспарланған. Бұл оқиға жастардың шығармашылық жетістіктерін көрсету және халықаралық аренада сыбайлас жемқорлық проблемаларына назар аудару үшін тамаша мүмкіндік болады.