Қызылорда облысының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Қызылорда облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Солтүстігінде Ұлытау, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысымен шекаралас.

    Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Әкімшілік орталығы - Қызылорда қаласы.

    «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі мен әкімінің қызметіне ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Еңбек Жолы» конкурсына қатысыңыз!

    «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды. «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді. Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Конкурсты өткізу мақсаттары: 1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау; 2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; 3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; 4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу; 5) еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) «Үздік еңбек әулеті»: Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс; 2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»: Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) «Өндірістің үздік жас маманы»: Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады; Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: 1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке куәліктің көшірмесін; 3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); 5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама); 6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау; 1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиясымен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау; қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау; 10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну; 1-15 қыркүйек аралығында республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау; қазан айында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын республикалық форумында марапаттау. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен - жайлардан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері. Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз. Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз!

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 01.06.2026 ж.- 30.06.2026 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз

    «Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі: 1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.; 2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; 3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады; 4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға міндетті. Бағдарламалар және олардың жобалары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік сипатында және әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекелестікті арттыруға бағытталуы тиісті. Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни: 1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған; 2) жойылу сатысында емес, банкроттық деп танылмаған; 3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жалақыға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы қажет; 4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет; 5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдардың іс-әрекетін қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған; 6) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық көлемде тапсырған. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын hr.enbek.kz сайты арқылы тапсырады. Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

    17 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

    23 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    AGENT&IRBIS

    Логлайн Интерпол агенті Айжан синтетикалық есірткі мен химиялық қару жасап жатқан халықаралық экстремисті қуалайды. Айжан сатқындықты сезіп, ешкімге сенбейді. Оған көмектесетін – бала мінезді, әзілқой такси жүргізушісі Азамат, отбасылық достарының ұлы. Айжан Азаматтың ІІМ-нің жасырын қызметкері екенін білмейді. Екеуі бірге із кесіп, қудалауға, атыс-шабыс пен өлімге бас тіккен жекпе-жектерге тап болады. Қиындықтар оларды жақындастырады, олар бір-біріне ғашық болады. Бірақ өтірікке негізделген қарым-қатынас өміршең бе? Шындық бәрібір ашылады. Қысқаша синопсис Алматыға Интерполдың Лиондағы штаб-пәтерінен арнайы агент Айжан Ашимова келеді. Көрікті, өткір мінезді, туған еліне мектептен кейін бірінші рет оралып отыр. Айжан – халықаралық экстремист, Юсуф не Юду деген атпен танымал қылмыскердің ізіне түскен. Ол синтетикалық есірткі мен химиялық қару жасап, таратумен айналысады. Еуропада Айжанның серіктесі әрі жақын досын өлтіріп кеткен. Сондықтан Айжан сатқындықтан қорқып, ешкімге сенбейді. Юду ауа арқылы тарайтын жаңа есірткі ойлап тапқан. Бұл зат бір рет қолданғаннан-ақ тәуелділік тудырып, өте ауыр абстиненцияға әкеледі. Құрығына түскен адамдар жаңа доза алу үшін кез келген нәрсеге баруға дайын. Ал ол дозаны тек Юдуден ғана алуға болады. Бұл оған шексіз билік береді. Юдудың басты нысанасы – 1,5 миллиард тұрғыны бар Қытай. Ал Қазақстан – оның басты операциялық базасы. Мұнда ол есірткіні өндіреді, тәжірибелер жүргізеді. Айжанға көмекке – қарапайым, әзілқой таксист Азамат келеді. Ол – Айжанның отбасы достарының ұлы. Айжан оның Ішкі істер министрлігінің жасырын агенті, тәжірибелі жедел қызметкер екенін білмейді. Екеуі бірге Юдудың ізіне түседі. Бастапқыда бір-бірімен тіл табысу оңайға соқпайды – Айжан суыққанды, мақсатына берік, Еуропадан алған тәкаппарлығы бар, ал Азамат – қалжыңқой, халықтың ішінен шыққан жігіт. Бірақ оларды ортақ борыш, патриотизм мен жанқиярлық біріктіреді. Кенеттен Айжан Азаматтың «жай» әңгімелерінің өзінде мән жатқанын түсінеді. Ол басқа қырынан ойлай бастайды, тергеу алға жылжиды. Қиындықтар оларды жақындастырады, олар бір-біріне ғашық болады. Қудалау, атыс-шабыс, өлім мен өмір арпалысы. Юду мен оның жақтастары үшін жер тозаққа айналады. Бірақ жау оңай берілмейді. Ол айлакер, қатыгез және ешнәрседен тайынбайды. Азаматқа күн өткен сайын Айжаннан шындығын жасыру қиындай түседі. Ақыр соңында, қауіпті сәтте, ол өзінің кім екенін ашуға мәжбүр болады. Айжан оны кешіре ала ма? Екеуі ортақ мақсат үшін менмендікті ысырып тастай ала ма? Финалдық шайқас барлығын орнына қояды. Қаһармандардың айырмашылықтары көп, бірақ мақсаттары бір – қарапайым халықтың қауіпсіздігі. Олар – соңғы қорғаныс шебі, қателесуге хақылары жоқ.

    5 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 02.06.2025 ж.- 30.06.2025 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

    25 шілде 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу үшін қайда және қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылу үшін кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілуі тиіс. Ол үшін: • өтініш береді; • әлеуметтік кәсіпкерлік өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады; • құжаттарды өңірлік үйлестірушіге қарауға жолдайды. Қызылорда облысында құжаттар Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынылады. Тізілім әлеуметтік кәсіпкерліктің келесі негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі: • әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту; • олардың тауарлары мен қызметтерін өткізуге жәрдемдесу; • әлеуметтік, медициналық, білім беру және оңалту қызметтерін көрсету; • білім беру, экология, балаларды қолдау және салауатты өмір салтын дамыту бағыттарындағы қызмет.

    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін қандай талаптар қойылады және лицензия алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға өтінім беріп, заңнамада көзделген құжаттарды ұсынады. Өтінішті қарау барысында өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктері, техникалық жарақтандырылуы және жоспарланған жұмыстарды орындауға қажетті ресурстары бағаланады. Лицензия алу рәсімі жер қойнауын пайдалану операциясының түріне байланысты өзгеруі мүмкін және әдетте келесі кезеңдерді қамтиды: • өтінім беру; • ұсынылған құжаттарды қарау; • қажет болған жағдайда конкурс немесе аукцион өткізу; • заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру; • лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау.

    Сұрақ

    Барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қандай міндеттерді орындауға тиіс және экологиялық талаптардың сақталуы қалай қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    Барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы: • лицензияда немесе келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындауға; • жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға; • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауға; • өндірістік қалдықтарды заңнамаға сәйкес басқаруға; • экологиялық мониторинг жүргізуге; • қауіпсіздік талаптарын орындауға міндетті. Экологиялық талаптардың сақталуы уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауы, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдері, мониторинг жүргізу және есептілік ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік грантты қалай ала алады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес конкурс негізінде беріледі. Гранттың ең жоғары мөлшері – 5 млн теңге, жобаны іске асыру мерзімі – 18 айға дейін. Конкурсқа: • әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері; • «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады. Негізгі талаптар: • жоба құнының кемінде 20%-ын қоса қаржыландыру; • жаңа жұмыс орындарын құру; • қажетті инфрақұрылымның болуы немесе оны дамыту жоспарының болуы. Грант қаражаты: • құрал-жабдық сатып алуға; • шикізат пен материалдар алуға; • технологиялар мен франшизалар сатып алуға; • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге; • жаңа технологияларды енгізуге жұмсалуы мүмкін. Грант қаражатын жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, жеңіл автокөлік және бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды сатып алуға пайдалануға жол берілмейді. Өтінімдер kezekte.kz платформасы арқылы қабылданып, облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы қаралады.

    Сұрақ

    Лицензия мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда қандай шаралар қабылдануы тиіс?

    Жауап

    Лицензия мерзімі аяқталған немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті тоқтатады, бұзылған жерлерді рекультивациялайды, қауіпті объектілерді жояды және қоршаған ортаға келтірілген ықтимал залалды жою шараларын қабылдайды. Белгіленген жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті органға қажетті есептер ұсынылып, жер учаскесі мемлекетке заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.

    Сұрақ

    Сексеуіл көшеттерінің жерсінуіне мониторинг қалай жүргізіледі және оның нәтижелері қандай?

    Жауап

    Қызылорда облысында сексеуіл егу жұмыстарының тиімділігін бағалау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіледі. Осы мақсатта құрамына: • орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері; • орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары; • Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері кіретін комиссия құрылған. Мониторинг барысында: • егілген көшеттердің жерсіну деңгейі; • орман екпелерінің сақталуы; • сексеуіл питомниктерінің шығымдылығы; • орман дақылдарының жалпы жай-күйі бағаланады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қағидаларына сәйкес Қызылорда облысы үшін орман дақылдарының нормативтік жерсіну және сақталу көрсеткіші 30% болып белгіленген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сексеуіл екпелерінің орташа жерсіну көрсеткіші 26–35% аралығында екендігі анықталған. Сексеуіл егу және күтіп-баптау жұмыстарына жұмсалған нақты шығын көлемі әр жоба бойынша жеке есептеледі және ұсынылған ақпаратта көрсетілмеген. Қайда жүгінуге болады: • орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына; • орман шаруашылығы мекемелеріне; • жергілікті атқарушы органдарға.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.