Төрағаның орынбасары Сатиев Талғат Бақтиярұлының азаматтарды қабылдау кестесі

    Орны
    Республика Казахстан 010000, Нур-Султан улица Мангилик Ел, 8, "Дом Министерств", 14 подъезд, кабинет 307
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Төрағаның орынбасары Сатиев Талғат Бақтиярұлының азаматтарды қабылдау кестесі
    КездесуАяқталды

    Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    2025 жылғы 18 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

    18 шілде 2025 ж.Тікелей
    📍 Место проведения: г. Петропавловск, «Библиотека имени С. Муканова», улица Конституции Казахстана, 25.ҚР ЭТРМ
    КездесуАяқталды

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі

    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерін талқылау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен салалық кездесуі өтетінін хабарлайды. Кездесу 2021 жыл ғы 14 шілде де сағат 15-00-де «ZOOM» конференция режимінде өтеді. Қатысушылардан аккредиттеуге өтінімдер (аты- жөні байланыс деректері, ұялы телефон нөмірі (WhatsApp), ұйымның атауы және лауазымы) келесі телефондар бойынша қабылданады: 8 701-847-2853; 8 (7172) 75-09-84 ([email protected]). Аккредиттеуді аяқтау мерзімі - 2021 жылғы 13 шілде сағат 13:30.

    9 шілде 2021 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі 2021 жылғы 14 маусымда сағат 11.00-де өтеді. Модератор: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абақанов Елдос Нұрболұлы. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларда, мамандандырылған интернет-порталдар мен БАҚ-та тікелей эфирде көрсетілетін болады. Zoom сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/9043681468 Конференция идентификаторы: 904 368 1468, кіру коды: 2131 Осыған орай, келесі байланыс арналарын қолдана отырып, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жібере аласыздар: - Министрлік сайтындағы Министрдің форумы; - «Ашық диалог» порталындағы Министрдің блогы; - WhatsApp нөміріне – 8 708 132 78 66 ; - электрондық мекенжайға: [email protected] . Азаматтарды белсенді қатысуға сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министріне жеке сұрақ қоюға шақырамыз.

    15 мамыр 2021 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары үшін аукциондық сауда-саттық

    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға сәйкес қазіргі уақытта қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары үшін аукциондық сауда-саттықты (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізуде. Конкурс Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. Осылайша, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26 сәуірдегі № 119-п бұйрығымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша технологияларды іріктеуді жүзеге асыру үшін конкурс өткізу үшін тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия құрылды, оның мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендер тобын айқындау туралы шешім қабылдады. Елді мекендер тобына келесі қалалар кірді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Ақтөбе. Толық ақпаратпен, сондай-ақ құжаттарды қабылдау және конкурсқа өтініш берушілерді тіркеу шарттары мен мерзімдерімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында – «Электр энергиясы және қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-да таныса аласыз ( https://www.korem.kz/ ). Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталуы ұйымдастырушының сайтында жарияланатын болады. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін жүзеге асырылатын болады. Аукциондық сауда-саттық өткізу мәселелері бойынша байланысуға жауапты тұлға – Жұмағали Динара (тел.: +7 778 923 31 44, эл.пошта: [email protected] ).

    14 мамыр 2021 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» атты «ECOJER» халықаралық конгресі

    «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» атты «ECOJER» бірінші Халықаралық конгресіне шақырамыз. Бұл өзекті сұрақтар мен елеулі экологиялық мәселелерді шешудің бірегей мүмкіндігі. Бағдарламада : Экологиялық заңнаманың жаңа архитектурасы (DEEP DIVE); Пікірталас: Өрттеу қажет пе, өңдеу қажет пе; Экологиядағы әйелдер және тұрақты бастамалар; Қазақстанның энергетика саласының тұрақтылық жолындағы трансформациясы; Өнеркәсіпті экологияландыру. Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында экология белсенділері мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың және халықаралық ұйымдардың басшылары Елордада бір алаңға жиналады. Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Сума Чакрабарти, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Ресей Федерациясының, АҚШ пен Қытайдың, ірі өнеркәсіптік компаниялардың ТОП-менеджмент өкілдері қатысады. 3 маусым 2021 жыл. Нұр-Сұлтан қ. Қатысу үшін www.ecocongress.kz сайтында тіркеуден өтіңіз.

    24 мамыр 2021 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.