
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының ғимаратында «Жасыл экономика» – Қазақстанның инновациялық және тұрақты даму парадигмасы» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлайды.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Өтетін күні: 25 мамыр 2021 ж., сағат 14:00-15:30.
Өткізу форматы: офлайн / онлайн
Өткізу орны:
13:15 - 13:30 – қонақтарды қарсы алу, атриум 1 қабат
13:30 - 14:00 – Елбасы кітапханасы Музейінің экспозициялары бойынша экскурсия (қалауы бойынша)
14:00 - 15:30 - баяндамалармен сөз сөйлеу
Кездесуге қатысушылар:
офлайн - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері;
онлайн - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Өңіраралық департаменттерінің, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының өкілдері.