
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:
- Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
- салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
- бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы 2021 жылдың 2 ақпандағы дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, 337-В кабинет, тел. 74-12-97, 74-08-44 (кеңсе).
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне 74-09-47, 75-09-84, WhatsApp 701 847 2853 телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады.
1-қосымша
Кiмге _______________________________________
(орталық мемлекеттiк немесе
____________________________________________
жергiлiктi атқарушы орган басшысының
_____________________________________________
лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))
Кiмнен ______________________________________
(бiрлестiк басшысының
_____________________________________________
лауазымы Т.А.Ә. (бар болса))
Деректемелер:
_____________________________________________
_____________________________________________
(заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Өтiнiш
____________________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)
_____________________________________________________________________
жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық
кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын
нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын
тану үшін _______________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
- _________________________________________________________
- _________________________________________________________
- _________________________________________________________
- _________________________________________________________
М.О. ___________ ___________________________________
(қолы) (лауазымы, Т. А. Ә. (бар болса))
20__ жылғы "___"______