
Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру бойынша ВБ-ГЭФ-7 жобасы шеңберінде Қызылорда қаласының айналасында 15 га, әрқайсысы 5 га алаңда 3 модельді агроорман шаруашылығы учаскелерін таңдау бірінші іріктеуге қатысуға қызығушылық білдіруді сұрау
ВБ-ГЭФ-7 Қазақстандағы ландшафтарды қалпына келтіру жобасы (бұдан әрі – жоба) шеңберінде Қызылорда облысында агроорман өсіру үшін учаскелерді іріктеу рәсімдері басталды. Агроорман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыруды Дүниежүзілік банк гранттар түрінде жүзеге асыратын болады.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман пайдаланушыларды, жеке және заңды тұлғаларды, жер пайдаланушыларды, фермерлік және шаруа қожалықтарын Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобасы шеңберінде Қызылорда қаласының айналасындағы 15 га, 5 га алқапта агроорман шаруашылығының 3 модельді учаскесін алғашқы іріктеуге қатысуға шақырады.
Іріктеудің негізгі критерийлері:
1) орман өсіру және бағбандық жүргізу үшін орман пайдалану шартының немесе жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың болуы;
2) учаскенің орналасқан жері, яғни учаскенің су көздеріне, елді мекендерге жақын орналасуы, кірме жолдардың, электр энергиясының болуы, жер бедері және топырақ;
3) жойылып бара жатқан сирек кездесетін және эндемикалық түрлердің сезімтал және бағалы экожүйелері мен «сындарлы» мекендеу орындарының болмауы;
4) агроорман шаруашылығы кіші жобалары үшін қызметтің қолайсыз түрлері тізбесінің талаптарын орындау жатады.
Қызылорда қаласының айналасында 15 га, 5 га алаңда агроорман шаруашылығының 3 үлгілік учаскелерін алғашқы іріктеуді Комиссия жүргізеді, оның құрамына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Мүдделі жеке және заңды тұлғалар, орман пайдаланушылар, жер пайдаланушылар, фермер және шаруа қожалықтары жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша мәліметтерді растайтын құжаттарды (өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, заңды немесе жеке тұлға өкілінің сенімхаты, орман пайдалану шарты немесе орман өсіру мен бағбандықты жүргізу үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы құжат, учаскенің еркін нысандағы сипаттамасы) қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша өз өтінімдері Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2022 жылғы «17» қаңтарға дейін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 мекен-жайы бойынша жіберу қажет. Барлық құжаттар тігілген, нөмірленген және арнайы немесе пошта арқылы ұсынылуы керек.
Қызылорда қаласының айналасындағы агроорман шаруашылығының 3 үлгілік учаскелерін алғашқы іріктеуді жүргізу туралы мәселелер бойынша қосымша ақпаратты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7242) 60-53-65 телефон арқылы алуға болады.
Өтініштің үлгісін осы сілтеме арқылы жүктей аласыз.