Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?
ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады. Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарына кемсітуге жасауға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмысы мен iс жүргiзу тiлi мемлекеттiк тiл болып табылады, орыс тiлi қазақ тiлiмен ресми түрде тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік және қажет болған жағдайда басқа да тілдер пайдаланылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары жүйесінде есепке алу-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы жүргізу меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі. Мысалы, Сіз мемлекеттік органға ресми хат жолдадыңыз. Сіздің сұранымыңызға мемлекеттік тілде және орыс тілінде жауап берілуі мүмкін.