Жобалау қызметімен айналысуға лицензия алу үшін қандай құжаттар топтамасы қажет?

    kyzylorda-memleket-saulet

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Жобалау қызметімен айналысуға лицензия алу үшін қандай құжаттар топтамасы қажет?

    Жауап

    Меншігінде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы немесе жалға алу арқылы, аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы және меншігінде бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы тиіс немесе жалға алу. Қызмет 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (39 320 тг. 2025 жылға). Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 5 жұмыс күнінде қаралады.

    «Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасының № 136 бұйрығына сәйкес реттеледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Техникалық қадағалаушының ай сайынғы есебін қалай тапсыру қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 34-1 бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайын негізде объект құрылысының жай-күйі және барылысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Техникалық қадағалаушы сарапшылары нысанның жәй-күйі және және барысы туралы есепті ай сайынғы негізде e-qurylys ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды. Бұған қоса, айлық есептің ішіне берілген нұсқамалардың және нысанның фотосуреттерімен қоса жолдайды.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Тапсырыс берушінің құқықтары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 34-2 бабына сәйкес тапсырыс берушінің құқықтары: 1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; 2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға; 3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға; 4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Көп қабатты тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қорытындыны қалай аламыз.

    Жауап

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 66-2-бабына сәйкес адамдар жаппай жиналатын объектілер мен 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау сатысында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қортындыны Тапсырыс беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндеттілігі көрсетілген. Ережеге сәйкес қорытынды беру мемлекеттік қызмет көрсету түрінде электрондық нысанда «Электрондық үкіметтің» веб-порталы ақпараттық жүйесіндегі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап жүзеге асырылады.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы неше күнде тексереді?

    Жауап

    Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.