Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері қандай?

    kyzylorda-memleket-saulet

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 34 бабының 2-3 тармағы. 1) құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге;

    2) авторлық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;

    3) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына негізделген өзгерістер енгізу жөнінде шешімдерді уақтылы қабылдауға;

    5) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;

    6) нақты өлшемдерді жүргізе отырып, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қосымшаны толтыруға міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Техникалық қадағалаушының ай сайынғы есебін қалай тапсыру қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 34-1 бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайын негізде объект құрылысының жай-күйі және барылысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Техникалық қадағалаушы сарапшылары нысанның жәй-күйі және және барысы туралы есепті ай сайынғы негізде e-qurylys ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды. Бұған қоса, айлық есептің ішіне берілген нұсқамалардың және нысанның фотосуреттерімен қоса жолдайды.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Тапсырыс берушінің құқықтары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 34-2 бабына сәйкес тапсырыс берушінің құқықтары: 1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; 2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға; 3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға; 4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Көп қабатты тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қорытындыны қалай аламыз.

    Жауап

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 66-2-бабына сәйкес адамдар жаппай жиналатын объектілер мен 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау сатысында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қортындыны Тапсырыс беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндеттілігі көрсетілген. Ережеге сәйкес қорытынды беру мемлекеттік қызмет көрсету түрінде электрондық нысанда «Электрондық үкіметтің» веб-порталы ақпараттық жүйесіндегі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап жүзеге асырылады.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    Сұрақ

    Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы неше күнде тексереді?

    Жауап

    Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.

    kyzylorda-memleket-saulet·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.