Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.
Патентпен селекциялық жетістікке берілетін құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен айқындалады.
Селекциялық жетістікке патент алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама нәтижелері бойынша беріледі.
Алдын ала сараптаманы сараптама ұйымы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ"РМК) жүргізеді.
Патент патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландырады.
Өсімдіктердің сорттарына патенттің қолданылу мерзімі 25 жылды, жануарлардың тұқымына - 30 жылды құрайды.
Патенттің қолданылу мерзімі ұзартудың әрбір жылы үшін жүргізілген төлемді ескере отырып, патент иесінің өтініші бойынша, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.