Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

    Е-апостиль қою рәсімінің негізгі мақсаты Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығына және тиісінше ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.

    «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі ( бұдан әрі - Е-Апостиль АЖ) – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

    Ақпараттық жүйенің көптеген артықшылықтары бар. Ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль мөртабаны қоюдың жедел орындалуын қамтамасыз етеді, негізгі ресми құжаттың түпнұсқалығын тексеруді оңайлатады, себебі «Е-апостиль» жүйесіне лауазымды тұлғалардың қолтаңбалар мен мөрлерінің үлгілері енгізілген. Ресми құжаттың түпнұсқалығын тексеру бір рет басу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, өйткені жұмыстың негізгі бөлігі электронды түрде апостильдерді нақты бекітудің, қол қоюдың және мөрмен бекітудің қажеттілігінсіз орындалады.

    Электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар өтініш беруші электрондық апостиль ала алады. Бұрын уәкілетті органға апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылды, мұндай форматта қағаз құжатты ұсыну қажеттілігі жоқ және компьютер болған жағдайда үйден шықпай өтініш берудің мүмкіндігі бар. Егер қызмет алушының компьютері болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінуге болады.

    Апостиль қою үшін ұсынылған құжат құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады ( ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді). Электрондық апостиль қою үшін ұсынылатын сканерленген құжат түпұсқаға дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулерге немесе мәтінді шимайлауға жол берілмейді.

    Көрсетілетін қызметті беруші ресми құжаттағы лауазымды адамның қойған қолы мен мемлекеттік органның мөр бедерінің қолда бар үлгілеріне сәйкестігін, сондай-ақ ресми құжатқа қол қойған лауазымды адамның ресми құжатқа қол қоюға өкілеттіктерінің болуын тексеруді жүргізеді.

    Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары Апостиль қою қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде электрондық апостиль қалыптастырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Авторлық құқықтың қандай түрлері бар?

    Жауап

    Авторлық құқық аясында құқықтардың екі түрі бар: мүліктік құқықтар құқық иесіне оның туындыларын басқа тұлғалардың пайдалануы нәтижесінде қаржылық сыйақы алуға мүмкіндік береді; мүліктік емес құқықтар автордың материалдық емес құқықтарын қорғайды (мысалы, атау құқығы).

    Сұрақ

    Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін некенің бұзылғаны туралы анықтаманы қанша уақыттан соң алуға болады?

    Жауап

    Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, сотта бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) соттың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылуы туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылған болып есептеледі және тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

    Сұрақ

    Қайтарылған атқарушылық іс жүргізу борышкерлерінің тізілімінен мәліметтерді қалай алып тастауға болады?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 36-бабында Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді енгізу және алып тастау тәртібі бекітілген. Осы бапқа сәйкес атқарушылық құжаттар өндіріп алушыға қайтарылғаннан кейін борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару атқарушылық құжаттың талаптары орындалған кезде жүргізіледі. Атқарушылық құжаттың талаптары орындалған жағдайда, сондай-ақ Заңның 11-бабына сәйкес атқарушылық құжатты ұсыну мерзімі өткен болса, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару туралы өтінішпен атқару ісін жүргізген сот орындаушысына жүгіну қажет. Аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалуы туралы мәліметтерді алған кезде сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару үшін тиісті ақпаратты әділет департаментіне жібереді. Өз кезегінде әділет органы үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысы жіберген материалдарды тексереді және борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығарады.

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысы деген кім?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) алған және Республикалық палатаға кірген, заңды тұлға құрмай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өз атынан және жауапкершілігімен орындайды. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Авторлық құқықты тіркеу міндетті ме?

    Жауап

    Авторлық құқық туынды жасалған кезден бастап туындайды және қандай да бір тіркеуді және өзге де формальдылықтарды талап етпейді. Алайда, құқықтар бұзылған жағдайда, (мүліктік емес) құқықтарды тіркеу туралы куәлік автордың пайдасына қосымша дәлел бола алады.

    Сұрақ

    Идеяны қалай патенттеуге болады?

    Жауап

    Зияткерлік меншік объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 961-бабында келтірілген. Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді құқықтық қорғау шарттары ҚР АК 991-бабында белгіленген. Құқықтық қорғау берілетін өнертабыс ретінде жаңа, өнертабыстық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолданылатын техникалық шешім есептеледі. Құқықтық қорғау берілетін пайдалы модель ретінде жаңа, өнеркәсіпте қолданылатын техникалық шешім есептеледі.

    Сұрақ

    Өнеркәсіптік үлгінің тауар таңбасынан айырмашылығы неде?

    Жауап

    Өнеркәсіптік үлгі тауар белгісінен өнеркәсіптік үлгі одан ажырамайтын бұйымның бөлігі болып табылатындығымен ерекшеленеді, ал тауар белгісі бұйымға қойылады және оның бөлігі болып табылмайды. Тауар белгісі тауарларды, жұмыстарды және оған көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралы болып табылады. Тауар белгісі мен өнеркәсіптік үлгінің арасындағы түбегейлі айырмашылық тауар белгісінің айырым қабілетіне ие болуы керек. Бұл тауарлық белгілерге қойылатын негізгі талап. Мұндай талап өнеркәсіптік үлгіге қойылмайды.

    Сұрақ

    Авторлық құқық қанша мезгілге дейін жарамды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы күшінде болады. Авторлық құқық, есімнің құқығы және автордың беделін қорғау құқығы мерзімсіз қорғалады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.