Менің пәтерімде банктерге қарызы бар адам тұрған, бірақ оның ешқандай мүлкі болмаған. Жалға алушының қарызына байланысты сот орындаушы менің пәтеріме тыйым салу туралы қаулы шығарды. Сұрақ: сот орындаушы мұндай шешімді қандай негізде шығарады?
Қысқаша жауап Борышкерге тиесілі емес мүлікке сот орындаушысының тыйым салуы заңсыз болып табылады. Толық жауап Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 62-бабының 3 тармағына сәйкес борышкерге меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығында тиесiлi мүлiкке, оның қайда және iс жүзiнде кiмнiң пайдалануында екендiгiне қарамастан (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып), тыйым салынуы мүмкiн.