Сот орындаушысының әрекетсіздігіне өндіріп алушы не істей алады?
Қысқаша жауап Аумақтық Әділет органынна немесе жеке сот орындаушылар палатасына шағым беру. Сондай-ақ сотқа жүгінуге болады. Толық жауап Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 127-бабының талабына сай өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауына болатындығын ескертеміз. Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi.