ҚР тұрақты тіркеуге тұру тәртібі мен құжаттары

    qaz

    qaz·
    Сұрақ

    ҚР тұрақты тіркеуге тұру тәртібі мен құжаттары

    Жауап

    ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат аумақтық полиция департаметтерінде беріледі.

    Сонымен қатар, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, тұрақты тіркелген қоныс аударушының берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгенін және қоныс аударушыда, сонымен қатар онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығына тиесілі тұрғынжайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді алады. Осылайша, тұрақты тіркеуді алу аймақтық квотаға кандастарды қосу үшін маңызды процесс болып табылады.

    Анықтама ретінде: ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 599 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу үшін облыстық, қалалық немесе аудандық көші-қон қызметі бөлімшелеріне барып құжаттарын бірмезетте тапсыра алады. Тиісінше, тұрақты тұруға рұқсат алу мен азаматтық рәсімдеу бойынша шешім үш ай мерзімінде шығатын болады.

    Егерде, қандастарымыз өңірлік квота аламын деген жағдайда, ҚР азаматтығына құжаттарын бірден тапсырмай, бұрынғы заңнамалық тәртіп бойынша алдымен шетел азаматының тұру ықтиярхатын рәсімдеуіне болады. Ыхтиярхатпен жүрген қандастарға ҚР азаматтары болып табылмағандықтан, қандастардың өңірлік квотаны иемдену құқығын шектемейді.

    Қандас (оралман) мәртебесін және ЖСН алғаннан кейін, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелеріне тиісті құжаттарды жинап тапсырады.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    1. өтініш-сауалнама;
    2. көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), олардың жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
    3. бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
    4. оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
    5. өтінішхат берушінің қолтаңбасымен қазақ немесе орыс тіліндегі өмірбаян;
    6. этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
    7. азаматтығы тиесілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
    8. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
    9. өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
    10. «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
    11. көлемі 3,5х4,5 мм бір фотосурет;
    12. тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (туу фактісін анықтаған не басқа мемлекеттік аумағында оның тұруы анықталған жағдайда жеке басты куәләгә жоқ көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде).

    Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті, рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады.

    Тұрақты тұруға рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға республика аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат түрінде беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Ата жолы» картасынның иегерлеріне берілетін артықшылықтар мен құқықтар

    Жауап

    «Ата жолы» картасының иегері елге кірген кезде ұзарту құқығымен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхат алады. «Ата жолы» картасының иегері: - медициналық мекемелерде кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде әлеуметтік төлемдер және қызмет көрсету; - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналасу; - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; - «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік оқу орындарында, мемлекеттік арнаулы орта және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін орта білім, жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу; - «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу; - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының азаматтық саласындағы заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу. «Ата жолы» картасы бар адамдардың құқықтары жоқ: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға; - республикалық референдумға қатысу; - мемлекеттік қызметке кіруге. Сондай-ақ, «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда картасы жарамсыз деп танылады.

    qaz·
    Сұрақ

    «Ата жолы» картасы деген не?

    Жауап

    «Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат. «Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзіміне байланысты шектелетінін ескеру жөн. «Ата жолы» картасы келесі санаттардың біріне сәйкес ұсынылады: 1) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы» Жарлықта (сілтеменің батырмасы болады) көрсетілген мамандық иелеріне; 2) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (сілтеменің батырмасы болады) сәйкес талап етілетін кәсіп иелеріне; 3) тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген және жұмыс істеп тұрған бизнесі бар азаматтарға. «Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильдік қосымша немесе шетелдегі Қазақстан Елшіліктері, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және Отандастар қоры арқылы өтініш бере аласыздар. Өтінішпен қоса келесі құжаттарды тапсырасыздар: - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған аудармасымен; - жоғарыда аталған санаттардың біріне сәйкес келетін мамандығын дәлелдейтін диплом мен сертификаттар және азаматтығы бар елде жұмыс істеп тұрған бизнесі растайтын құжаттарды, нотариалды куәландырылған аудармасымен; - жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарынан алынған ұлтын растайтын ресми анықтамалық құжат. Ата жолы - ұсыну тәртібі « اتا جولى»شەتەلدە تۇراتىن ەتنيكالىق قازاقتار ءۇشىن كارتاسىن ۇسىنۋ ءتارتىبى Şetelde tūratyn etnikalyq qazaqtar üşın «Ata joly» kartasyn ūsynu tärtıbı

    qaz·
    Сұрақ

    Аймақтағы Фронт-кеңсе сарапшылары жайлы ақпарат

    Жауап

    Омарали Адилбекулы, Алматы қаласы , Ш.Уәлиханов көшесі 43А, №401 кеңсе, +7 701 722 1888 Ахметов Серыкхан Калибекович, Алматы және Жетісу облыстары, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А, № 401 кеңсе, +7 702 077 77 04 Тулебаев Арқабек, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі – 6 Г, +7 747 111 11 26, +7 775 042 06 73 Башай Меруеш, Қарағанды және Ұлытау облыстары, Қарағанды қаласы, Шахтеров көшесі 64, № 103 кеңсе, +7 702 585 86 67 Рысбеков Бегалы, Шымкент қаласы және Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Ғани Иляева көшесі 29, №2 кеңсе, +7 701 641 41 03 Хуанбай Аскерхан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары, Өскемен қаласы Н.Назарбаев даңғылы 68, №12 кеңсе, +7 701 183 00 84 Жаримбетова Назира, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, +7 701 150 94 43 Заут Болат, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 35/1, №110 кеңсе, +7 702 602 88 88 Мыңбай Әлфараби Хусанұлы, Солтүстік Қазақстан облысы , +7 777 084 79 30

    qaz·
    Сұрақ

    ҚР азаматтығын алу үшін қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматын өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған және кепілдік берілетін азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленеді. Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін: тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар; тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өз еркінен тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, халықаралық актілердің нормалары мен қағидаттарына негізделеді. Көрсетілген және басқа да халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: әрбір адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұқпауға құқылы; - ешкімді азаптауға, оған қатыгездік немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге және жазалауға болмайды; барлық адамдар заң алдында тең, заңды тең қорғауға құқылы; әрбір адам мемлекет шегінде еркін жүріп-тұруға және өзінің тұрғылықты жерін таңдауға құқылы; әрбір адам еңбек етуге, білім алуға, демалуға, оның отбасының денсаулығы мен әл-ауқатын қолдау үшін қажетті өмір сүру деңгейіне және т. б. құқылы. Тұрақты тіркеуге және тұруға ықтиярхатқа ие бола отырып, қандас мәртебесі негізінде жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуға болады. Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР азаматтығын алу үшін облыстардың ПД бастығының атына өтініш береді. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса тіркеледі: бұрынғы мемлекетінің азаматтығынан бас тарту туралы өтініш (нотариуспен бекітілген); толық өмірбаян (еркін нысанда); сауалнама-өтініш; өлшемі 3,5 x 4,5 см төрт фотосурет; міндеттеме; жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі; қандас куәлігі; жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар - осы оқу орнында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама; жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растайтын анықтама; мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат (Салық кодексінің 619 - бабына сәйкес ҚР азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша қандастар мемлекеттік баж төлеуден босатылады) . Құжаттар тұрғылықты жері бойынша Полиция департаментінің Көші-қон полициясы бөлімшелеріне тапсырылады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растайтын құжат болып табылады. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі Өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.

    qaz·
    Сұрақ

    Өңірлік квотаға енгізілген қандастармен біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Өңірлік квотаға енгізілген қандастармен біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға мемлекеттік бағдарлама аясында көшіп келген отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды жабу үшін бір отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-30 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Комиссияның шешімі шыққаннан кейін, қандас Жұмыспен қамту орталығына төлемдерді алу үшін жүгінуі қажет. Қажетті құжаттар тізімі: жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосу туралы өтініш; көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы өтініш; қандас мәртебесін растайтын құжат; тұруға ықтиярхат (көшірме); екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотының нөмірі (20 таңбалы сан); тұрғын үйді жалға алу шарты немесе алдын ала сатып алу шарты (көшірмесі). 2023 жылға бір АЕК - 3450 теңгені құрайды. Осылайша, 4 адамнан тұратын орташа отбасы бір уақытта 280 АЕК алуға құқылы, бұл 966 000 теңгені құрайды.

    qaz·
    Сұрақ

    Өңірлік квотаға кіруге қажет құжаттар тізімі

    Жауап

    Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2023 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1925 адамға белгіленді. 2023 жылы квота келесідей бөлінді: Павлодар облысы бойынша – 932, Қостанай облысы бойынша – 150, Ақмола облысы бойынша – 270, Абай облысы бойынша – 196, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам. Қандастардың (оралмандардың) тіркелген мекен-жайы: ШҚО, Павлодар, Ақмола, Абай, СҚО, Қостанай облыстарының бірінде болса , өңірлік квотаға ене алады. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді. Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі: қандастың және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі; білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама. Жергiлiктi атқарушы орган, өңірлік квотаға енгізу туралы өтініш білдіруші қандастардың тізімін қалыптастырады және өтініштерді алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жолдайды. Комиссия өтініш білдірушілердің тізімдерін алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Жергiлiктi атқарушы орган күнтізбелік 5 күн ішінде өтініш берушіге оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.

    qaz·
    Сұрақ

    Ықтиярхат алу тәртібі мен қажет құжаттар тізімі

    Жауап

    Тұрақты тұруға рұқсат негізінде ықтиярхат (шетелдік азаматтардың құжаты) алуға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қажетті құжаттар тапсырады. Аталған мекемелер ықтиярхатты, өтінішті қабылдаған сәттен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс. Қажетті құжаттардың тізбесі: жарамды ұлттық паспорт; өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде) ; Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін: мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат; көлемі 3,5х4,5см үш фотосурет (формулярды қағаз жеткізгіште толтыру кезінде): келесі құжаттардың бірі: жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт; азаматтығы жоқ адамның куәлiгi; 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы); әскери билет; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама; туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде); Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).

    qaz·
    Сұрақ

    Қандас мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады. Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар, қандас мәртебесін алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО -на өтінішін бере алады. Қандас мәртебесін алу үшін арнайы үлгідегі өтінішке келесі құжаттарды қоса ұсыныңыз: еркін нысандағы өмірбаян; өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариалды куәландырған аудармасымен; жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар белгіленеді. Құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру - өтініш тіркелген күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде, егер өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда жалпы мерзімі 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қандас мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда тоқтатылады. Қандас мәртебесінің мерзімін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

    qaz·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.