Жауап
ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат аумақтық полиция департаметтерінде беріледі. Сонымен қатар, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, тұрақты тіркелген қоныс аударушының берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгенін және қоныс аударушыда, сонымен қатар онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығына тиесілі тұрғынжайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді алады. Осылайша, тұрақты тіркеуді алу аймақтық квотаға кандастарды қосу үшін маңызды процесс болып табылады. Анықтама ретінде: ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 599 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу үшін облыстық, қалалық немесе аудандық көші-қон қызметі бөлімшелеріне барып құжаттарын бірмезетте тапсыра алады. Тиісінше, тұрақты тұруға рұқсат алу мен азаматтық рәсімдеу бойынша шешім үш ай мерзімінде шығатын болады. Егерде, қандастарымыз өңірлік квота аламын деген жағдайда, ҚР азаматтығына құжаттарын бірден тапсырмай, бұрынғы заңнамалық тәртіп бойынша алдымен шетел азаматының тұру ықтиярхатын рәсімдеуіне болады. Ыхтиярхатпен жүрген қандастарға ҚР азаматтары болып табылмағандықтан, қандастардың өңірлік квотаны иемдену құқығын шектемейді. Қандас (оралман) мәртебесін және ЖСН алғаннан кейін, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелеріне тиісті құжаттарды жинап тапсырады. Қажетті құжаттар тізімі: өтініш-сауалнама; көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), олардың жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс; бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда) ; өтінішхат берушінің қолтаңбасымен қазақ немесе орыс тіліндегі өмірбаян; этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат; азаматтығы тиесілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе) ; Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі; өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім; «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы; көлемі 3,5х4,5 мм бір фотосурет; тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (туу фактісін анықтаған не басқа мемлекеттік аумағында оның тұруы анықталған жағдайда жеке басты куәләгә жоқ көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде) . Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті, рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады. Тұрақты тұруға рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға республика аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат түрінде беріледі.