Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) саласында мемлекеттік тіркеуге Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағында алғаш рет дайындалатын (оны өндіріске қою кезеңінде) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына алғашқы рет енгізілетін (ЕАЭО аумағына енгізбей тұрып) Бірыңғай өнімдердің (тауарлардың) тізімінде көрсетілген және де мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) «Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген және ЕАЭО СЭҚ ТН келесі позицияларында толық көрсетілген :
1) Тамақ өнімдерінің жаңа түрі;
2) Мамандандырылған тамақ өнімдері: балалар тағамына арналған тамақ өнімдері және ауыз су; диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері; емдік-асханалық және емдік табиғи минералды сулар; спортшылардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануына арналған тамақ өнімдері; тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ).
3) Парфюмерлік-косметикалық өнімдер (балалар, тотығуға, теріні ағартуға, бояуға, шашты бұйралауға, интимдік, пилингке, наноматериалдармен және т.б.); ауыз қуысының гигиенасы құралдары мен бұйымдары (құрамында фтор бар).
4)Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектілерде қолдану үшін);
5) Тұрмыстық химия тауарлары, лак-бояу материалдары.
6) Потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттар;
7) Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған материалдар, жабдықтар, құрылғылар және су дайындаудың басқа да техникалық құралдары.
8) Балалар мен ересектерге арналған жеке гигиена заттары; үш жасқа дейінгі балаларға арналған балалар тұрмыстық заттары; үш жасқа дейінгі балаларға арналған 1-ші қабаттағы киім-кешек, шұлық трикотаж бұйымдары, бас киімдер (жазғы).
9) Тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бұйымдар (ыдыс-аяқтан, асхана керек-жарақтарынан, технологиялық жабдықтан және қаптамадан (тығындау құралдарынан) басқа).
Бірыңғай тізбенің II бөлімінің басында санамаланған өнім топтарында көрсетілген және бір мезгілде көлік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес тиісті алып қоюлармен және ескертпелермен ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының сипаттамаларында немесе дайындаушының (өндірушінің) ақпараттық хатында көрсетілген өнім ғана мемлекеттік тіркеуге жатады өнімді қолдану саласы көрсетілген өнімдер.
«Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына» сәйкес 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетеді «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген.
Дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) немесе дайындаушымен уәкілетті тұлға болып табылатын жеке кәсіпкер ретінде заңды немесе жеке тұлға өтініш беруші бола алады.
Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер «Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің уәкілетті органы берген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - МТК) ЕАЭО – ның бүкіл аумағында жарамды. Берілген және тіркелген МТК туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен немесе «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөліміндегі «Экспорттық-импорттық операциялар жөніндегі бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесі арқылы табуға болады.