Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағы дегеніміз арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты өлшемдері көзделген:
1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;
2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;
3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;
4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;
5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.
Адам денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатындасанитариялық-қорғаныш аймағы мен санитариялық ажыраулардың өлшемдері сақталу қажет.