Эхинококкоз ауруы қалай жұғады?

    departament-kkbtu-mangistau

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Эхинококкоз ауруы қалай жұғады?

    Жауап

    Эхинококкоз– адамның бауырын, өкпесін және басқа органдарын зақымдайтын құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру.Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм-ден 1 см-ге дейін болады. Аурукөбінесе адамғааңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан және ит - мысықтардан жұғады,құрт ұрықтары жануарлардың аш ішегінде өсіп өнеді де, олардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластап, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады.

    Бұл құрттар адамға аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, көлдер мен өзен суларын қайнатпай ішкенде, ауру жұқтырған жануарлар болған бақшалардан жуылмаған жидектер мен көкөністерді пайдалану кезінде адамға жұғады.

    Эхинококкоз ауруының алғашқы белгілері: әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, теріде қызыл дақ түрінде ұсақ бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі.

    Эхинококкоз ауруының емі – ота жасау жолымен ғана жүзеге асады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қандай қызметке лицензия беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен « Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрі жаңадан қосылды. Бұл мемлекеттік қызмет түрі 2024 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Департаментпен көрсетілетін болады.

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері қандай?

    Жауап

    Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге және жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру -10 жұмыс күні, Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру- 13 жұмыс күні Маман сертификатын беру-10 жұмыс күні Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру-15 жұмыс күні

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет көрсету талаптары салалық қандай нормативтік құжатпен реттелген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттелген. Сонымен қатар осы бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру енгізілді. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы.

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтердің қандай түрлері көрсетіледі?

    Жауап

    Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді) Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (мемлекеттік қызметті Департамент және аумақтық басқармалар көрсетеді) 3.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру (мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді) 4.Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру (мемлекеттік қызметті санэпидбақылау Департаменті көрсетеді) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру (мемлекеттік қызметті санэпидбақылау Департаменті көрсетеді) Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру (мемлекеттік қызметті ҚР ДСМ санэпидбақылау Комитеті көрсетеді)

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Мектеп асханаларында газдалған сусындарды, фаст- фудтарды балаларға сатуға рұқсат бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 7-тарау 119-тармақшасына сәйкес мектеп асханаларында газдалған сусындар мен фаст-фудтарды сатуға болмайды.

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Жұқпалы ішек ауруларынан қалай сақтануға болады?

    Жауап

    Жұқпалы ішек аурулары – жеке бас тазалығын және қоғамдық орындарда санитариялық –гигиеналық шараларды сақтамаған кезде жұғады. Ауру ластанған тұрмыстық заттар, ойыншықтар, емізік, лас қолдар арқылы, дұрыс өңделмеген, сапасыз тағам өнімдерін қолданған кезде, қайнамаған су ішкен және дұрыс жуылмаған жеміс- жидектер арқылы жұғуы мүмкін. Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, бастың айналуы және ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, іштің кебуі және бүріп ауыруы, мазасыздану, шөлдеу. Сондықтан, егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалып, бұл белгілер болса, өздігіңізбен емделмей дереу дәрігерге қаралыңыз!

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Вакцинадан бас тартқан жағдайда балам қызылшамен ауырып қалуы мүмкін бе?

    Жауап

    Қызылша - ауа-тамшылы жолмен жұғатын жұқпалы ауру. Вирус адамғатыныс алу, жөтелу, түшкіру және сөйлеу кезінде жұғады. Қызылшамен ауырған кезде дене қызуының көтерілуі,жалпы әлсіздік, бас ауруы, жөтел, мұрын бітуі, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), тамақтың ауыруы және бөртпе шығатын жұқпалы ауру. Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!Вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алуға кеңес береміз!

    departament-kkbtu-mangistau·
    Сұрақ

    Санитариялық-қорғаныш аймағы туралы мағлұмат берсеңіз

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағы дегеніміз арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты өлшемдері көзделген: 1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары; 2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін; 3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін; 4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін; 5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін. Адам денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатындасанитариялық-қорғаныш аймағы мен санитариялық ажыраулардың өлшемдері сақталу қажет.

    departament-kkbtu-mangistau·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.