Қызылша - ауа-тамшылы жолмен жұғатын жұқпалы ауру. Вирус адамғатыныс алу, жөтелу, түшкіру және сөйлеу кезінде жұғады.
Қызылшамен ауырған кезде дене қызуының көтерілуі,жалпы әлсіздік, бас ауруы, жөтел, мұрын бітуі, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), тамақтың ауыруы және бөртпе шығатын жұқпалы ауру.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация болып табылады.
Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!Вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алуға кеңес береміз!